Бишімбаев ісі: қоғам нені үйренді, неден жиренді - прокурормен эксклюзивті сұхбат

Описание к видео Бишімбаев ісі: қоғам нені үйренді, неден жиренді - прокурормен эксклюзивті сұхбат

Кісі өлтіру қылмысы Адам пайғамбардың Абыл-Қабыл ұлдарының заманынан бері жалғасып келе жатқан адамзаттың қасіретті тағдыры. 2023 жылдың қарашасында болған Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұқара неге дүрлікті? Халық кімге шүйлікті? Қарапайым азамат осындай қылмыс жасаса, екі күн талқыланып, кейін басқа тақырыпқа ауысып кететініне куә болып жүрміз. Бишімбаев ісі сондай тасада қалатын тақырып болар ма еді, болмас па еді, егер ол жоғары лауазымды шенеунік болмағанда... Қаңтар оқиғасынан кейін «Ескі Қазақстан» кадрларына сенімсіздікпен қарайтын жұртшылық анау-мынау емес, елдің экономика секторын басқарған шенеуніктің әрекетін тікелей өзіне жасалған қылмыстай қабылдады. Өйткені бұрынғы билікке айта алмаған арзу жүректерде шемен болып қатып қалған сыңайлы. Міне, халықтың Бишімбаев ісінің әділетті шешілуін талап етуі соның әсері ме дерсің. Оның үстіне талайдан айтылып келе жатқан құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің өз ішіндегі кемшіліктері де халық сенімін селдіретіп кеткен-тұғын. Сонымен, Бишімбаев ісі қалай аяқталды. Әділет аңсағандар діттеген мақсатына жете алды ма? Журналист – қоғам көңіл-күйінің барометрі. Ulysmedia.kz алаңындағы сұқбатта көпшілік көкейіндегі сұрақты қоюға тырысты. Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Нұрбеков Саяхат Бағдатұлымен болған сұқбатты ұсынамыз.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке