22.07.2024 Франция🇫🇷Нэнси - Сен Дизие Олимпиада 2024! Велосаяхат Ақтау-Париж 👍

Описание к видео 22.07.2024 Франция🇫🇷Нэнси - Сен Дизие Олимпиада 2024! Велосаяхат Ақтау-Париж 👍

22.07.2024 Франция🇫🇷Нэнси - Сен Дизие
Олимпиада 2024!
Велосаяхат Ақтау-Париж 👍
Bringing Peace to Olympic 💕
Нэнси қаласындағы Лине Вилле қонақ үйінен Сен Дизье қаласына жолға шықтық. 40 шақырым жобасындай жүріп Туль қаласына жеттік. Осы аттас қаланы өткенде Австрия елінде де кездестіргенбіз. Францияның бұл қаласы өте әдемі екен. Әсіресе жолдары керемет, тіпті кейбір жерлерінде автомобиль жолы мен велосипед жолының арасы аласа темір қоршаумен бөлініп жол жиегі сары сызықпен белгіленген. Литер маркет суперден ертелеу түскі асымызды ішіп, ілгері қозғалдық.
Жалпы француздар осы елді қорғап қаза болған батырларын ерекше құрметтейді. Сұрапыл 1914-1918, 1939-1940 жылдарға мемориалдар көп. Сол ескерткіштің ең биік жеріне елдің ту байрағы ілінеді.
Биіктеу жердегі шағын Фоук қалашығына жетіп, мұнтаздай таза табиғат үйлесімді салынған ғимараттарын тамашаладым. Кішігірім өндіріс, құрылыс алаңдары, кез-келген жерде жинақы орын орынымен, ұқыптылық байқалады. Көптеген шағын қалаларға кіргенде бірінші шіркеу көрінеді. Шіркеудің сағаты алыстан көрініп, сағат сайын қоңырауы соғылып тұрады. Сол маңайда ауылдың әкімі-мэрдің кеңсесі тұрады. Сонымен бүгін дүйсенбі күні 152 шақырымды жүріп өттік.
Париж олимпиадасының басталуына 4 күн қалды. !
Барша қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
🇰🇿 Алға Қазақстан!
Раббим, Данышпан, Айзада

Комментарии

Информация по комментариям в разработке