Оқушыларыңыздың мақал мәтелдерді жаттамау себебі мына әдістерді білмейсіз

Описание к видео Оқушыларыңыздың мақал мәтелдерді жаттамау себебі мына әдістерді білмейсіз

Оқушыларыңыздың мақал-мәтелдерді жаттамау себебі: мына әдістерді білмейсіз деп айта аламын. Аталған мәселенің шешімін табудың 4 жолы осы видеода көрсетілген. Әрине, әр ұстаздың өзінің тәжірибесі дәлелдеген әдістері болатыны ақиқат. Дегенмен менің тәжірибемде нәтиже берген әдістерді Сіз де бағалап өтсеңіз. Бастысы, спиральдік тұрғыдан байланыс болып, дағдыны қалыптастыру үшін жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы шарт. Сабақ барысынан түсірілген кезеңдерді назарларыңызға ұсына отырып, өз тәжірибеммен бөлісіп отырғанымды бағалап, ұнату белгісін басып, пікір қалдырғаныңызды қалаймын. Мақал-мәтелдерді оқушының жатқа білуі дұрыс қой .Алайда өмірде қолдана ала білулері – бір ғанибет. Оның да шешу жолын ұсындым. Ол каналымдағы «Сөздік қорды арттыру жолы» сабағында көрсетілген. Жаттайтын мақал-мәтелдер тізімін өзіңіздің беруіңізге де болады, оқушыларыңыздың әкелуіне де мүмкіндік бергеніңіз абзал. Бастысы, мағынасын түсінгендері абзал. Себебі келешекте оларды қолдану орнын біліп отырады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке