Нұржамал Үсенбаеваның І халықаралық вокалдық өнер байқауы туралы есептік фильм

Описание к видео Нұржамал Үсенбаеваның І халықаралық вокалдық өнер байқауы туралы есептік фильм

Биыл жазда Астанада бұрын-соңды болмаған мәдени оқтға өтті – Нұржамал Үсенбаеваның І Халықаралық вокалдық өнер байқауына маусымның 1-4 күндері аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен талантты жастар бағын сынауға келді. Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Еркеғали Рахмадиеа атындағы мемлекеттік академиялық филармония өткізді.
Байқаудың мақсаты – жаһандық әлемде заманауи отандық мәдениетті ілгерілету, ұлттық вокалдық мектептің дәстүрлерін сақтау, дамыту және арттыру.
Байқаудың міндеттері – дарынды жас әншілерді анықтау және қолдау, жаңа таланттарды ашу, орындаушылық шеберлікті дамыту; ұлттық вокалдық орындаушылық мектепті озық халықаралық тәжірибемен байыту; Қазақстан композиторларының шығармашылық мұрасын дәріптеу; халықаралық шығармашылық байланыстарды дамыту.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке