Әке. Төлен Әбдік. 1 бөлім.

Описание к видео Әке. Төлен Әбдік. 1 бөлім.

Көркем туындылардағы марқұмды аттандыру, азалау шараларының ұлттық ұғымға сай өрнектерін Т. Әбдіков сынды қаламгерлер кеңестік әдебиет тұсында да жан-жақты көрсете білген. Науқас адамның көңілін сұрау өмірге үміттендіріп, көңілін аулаудан бастап, жерлеуге дейінгі аралықтағы дәстүрлі рәсімдер жүйесін қаламгерлік шеберлікпен қиюластырған Т. Әбдіковтің «Әке» повесі. Шығармадағы әке жайлы толғаныстар перзент ой-көзқарасымен беріледі. Халі ауырлаған қарт әкені қаумалаған ауыл адамдарының жанашыр пейілі мен ықыласы біраз үміт отын жаққандай болғанмен, науқастың есін жиып, ел-жұртымен араздасуы оқиғаның мұнан арғы өрбуінің кілті.
Ал, әр шығармада әр белесінен көрінер, тағдыр жолы бұралаң бір адамның тіршілік соқпақтарын сабақтастырып жатқан сыршылдық желісін сүйсіне мойындамасқа болмайды. Және әр әңгіме өз алдына басы бүтін дүние ретінде қабылдана береді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке