Қыз алып қашып, сотталып жатыр

Описание к видео Қыз алып қашып, сотталып жатыр

Қыз алып қашамын деп істі болды. Хромтаулық Санат Өмірзақов пен оның досы Алдаберген Жұмажанов бүгін №2 қалалық сотта жауапқа тартылды. Оларға Қылмыстық Кодекстің "Адам ұрлау" бабы бойынша айып тағылған. №2 қалалық сотта қаралып жатқан іс тура бір кинодағыдай. Басты кейіпкер - 2013 жылдан бері жүретін қызымен отау құрмаққа ниет білдірген Санат Өмірзақов. Хромтау ауданының 21 жастағы тұрғыны Ақтөбеге сүйген қызы үшін келген. Жастар бірін-бірі сүйіп, отау құруға уәделеседі. Алайда, қыздың ата-анасы бұл тойға қарсы болғандықтан жігіт сүйгенін дәстүр бойынша алып қашпаққа ниеттенген. Уәделескен күні облыс орталығына келген Санатқа болашақ жары түрлі сылтау айтып, үйінен шықпай қояды. Ата-анасына келін әкелемін деп кеткен жігіт намыстанып, сол уақытта сүйгенінен бас тартқан. Кейін досы Алдаберген Жұмажановқа мұңын шағады. Сөз байласқан қызының орнына көшедегі кез келген бойжеткенді алып қашуға бел буады. Досы екеуі жолдан такси жалдап, Орталық базар маңына келеді. Сол жерде тұрып, өзіне жар таңдайды. Айқайлап, жан-жағынан көмек сұраған 20 жастағы қыз өзін ұрлаушыларға біраз қарсылық білдірген. "Арай-2" базарының күзет қызметінің басшысы Жаппаров есімді ер адам көмектескен. Жәбірленуші қыз бүгінгі сотқа анасымен бірге келді. Денесіне жеңіл дәрежеде зақым келген. Судья Ерлан Бақытжан мен сотталушылар істі қысқартылған тәртіпте өткізуге келіскен еді. Осылайша, екі жігітті қорғауға келген мемлекеттік қорғаушылардың бірі сот залынан шығып кетті. Алайда, қыз алып қашушылардың бүгінгі жауаптары алдын ала тергеу кезіндегі жауаптарымен сәйкес келмеді. Прокурор қойған сұрақтарға Санат Өмірзақов басқаша жауап берді. Сот отырысы аяқталмады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке