Электронды темекі. Однаразка. Қарағанды қаласы

Описание к видео Электронды темекі. Однаразка. Қарағанды қаласы

Электронды темекі шегу жасөспірімдер арасында сәнге айналуда. Қарағанды қаласында түсірілген бұл ролик ата-анаға ой салар деген үмітіміз бар.
"Болашақты ойлағандықтан еңбектеніп жатырмын", деп күңіренбей-ақ қояйын. Бәріміздікі айналып келгенде бала-шаға, отбасы қамы ғой.
Дегенмен, істеген соң ұят-аятты ұмытпай, нәтижесінде сапалы дүние шыққаны дұрыс.
#SaryarqaAqparat медиа холдингіне қарасты #life09 ұжымы сапалы контент жолында қысы-жазы еңбек етеді.
"Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігімен тізе қосып, жасөспірімдер тәрбиесіне бағытталған бірнеше ролик түсірдік.
Соның алғашқысын назарға ұсынамыз.
Жоба үшін ат салысқан Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гульсум Кожахметова ханымға, Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ директоры Айнұр Жаппарқұлова ханымға, осы роликке түскен балаларға, олардың түсуіне рұқсат берген ата-аналарға, өз рөлдерін жақсы сомдап шыққан әріптестерім Erqanat Keñesbekuly мен Аяжан Ералықызы Мақанға, жұмыс көлемінен қорықпайтын командама алғысым шексіз. Жоба барысында біз үшін тақым қысқан Индира Тоқмурзина ханымға ризашылығымды білдіргім келеді.
#SaryarqaAqparat
#life09
#СеніменБолашақ
#АйсұлтанЖақып

Комментарии

Информация по комментариям в разработке