Ауылым Аян Сейітов [текст]

Описание к видео Ауылым Аян Сейітов [текст]

Жетегіне еріп жалғанның
Қалаға жедел жетіппіз
Артынан жүріп арманның
Ауылдан шығып кетіппіз

Арайын төгіп аспаным
Араласамда жер жерді
Ат озған ауылдастарым
Сағынып жүрмін сендерді

Қонатын көлдің бетіне
Түңгі аспаныңды-ау сағындым
Түнейтін соның шетіне
Құрдастарымды-ау сағындым

Жусаны жұпар ауылмен
Көшемнің шаңын сағындым
Ағайын туыс бауырмен
Шешемнің шәйін сағындым

Əнімнің биін тапқандай
Қамысын гүлдің сағындым
Шымберген ақын айтқандай
Дауысын төлдің сағындым

Ауылдан көшсең көш керуен
Қалада өрле өс мейлі
Ауылдан адам көшкенмен
Адамнан ауыл көшпейді

Комментарии

Информация по комментариям в разработке