Жындар арамызда - 1 бөлім (Жын тию, қара сиқыр және тылсым әлем) | Шейх Хасан Әли

Описание к видео Жындар арамызда - 1 бөлім (Жын тию, қара сиқыр және тылсым әлем) | Шейх Хасан Әли

Ассалаумағалейкум, құрметті көрермендер!

Назарларыңызға жындар әлеміне қатысты өткізілген семинарда ханафи мазһабының шейхы Хасан Әлидің айтқан уағыз-насихатын ұсынамыз.
Шейх Хасан Әли тылсым жын әлеміне қатысты өте өзекті мәселелерді қозғап, орынды жерлерде әзілдеп, тыңдаушыларын күлдіре отырып, біраз пайдалы мағлұматтарды береді.

Семинардың алғашқы жартысында келесідей мәселелер тілге тиек етіледі:
- Жындардың қасымызда, үйлерімізде болулары туралы;
- Мұсылман жындардың мұсылман адамдарға көмек беретін кездері туралы;
- Жыннан кей адамдардың неге қорқатындары туралы;
- Шейх өзінің балалары жыннан қорықпаулары үшін қандай амал жасайтының айтады. Балаларымызды қалай жыннан қорықпайтын қылып өсіреміз?;
- Үйде ыдыс тарсылдаса, есік сықырласа т.б. құбылыстарға әрдайым жын кінәлі емес екендігі;
- Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) үмметіне ыдыс-аяқтардың бетін жауып жүруге не үшін бұйырғандығы туралы;
- Аятуль Курсидің ерекшелігі туралы;
- Бастырылу туралы. Оған не себеп? Бастырылудан қалай құтыламыз?;
- Жын-шайтаннан қорғану үшін оқылатын сүре, аяттарды баяндайды;
- Ер мен әйелдің арасындағы қиындықтарға, жалпы өміріңіздегі қиындықтарға әрдайым жын/сиқыр/дуа себеп пе?
- Ішіне жын кірген Омар бауырымыз жынды қалай өзі шығарғандығы туралы;
- Алаяқ жын шығарғыш сымақтар туралы оқиғаларды.

___
Құрметті көрермен, ағайын!
Видео ұнаса лүпіл басып, ұнамаса диз-лүпіл басыңыз :)
Жындарға қатысты сұрақтарыңыз болса, жаза кетіңіздер. Ерінбей бірнеше коммент қалдырыңыз, сонда бұл видеоны көпшіліктің көруіне себеп боласыз. Сондай-ақ, видеоның сілтемесін ватсапта жамағаттағы бауырларыңызбен, жақындарыңызбен бөлісе отырыңыздар. Қараңғы бөлмеге кіруге қорқатын іні-қарындастарыңызға міндетті түрде жіберіңіз!
Пайдасы тиеді, ин шә Аллаһ. Алла баршаңызға мол сауаптан жазсын!

Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық» деген.
(Бұхари, Муслим)

Комментарии

Информация по комментариям в разработке