Қарақат Әбілдина - "Ойлаған махаббатты бұлай деп кім?"+текст

Описание к видео Қарақат Әбілдина - "Ойлаған махаббатты бұлай деп кім?"+текст

Қарақат Әбілдина - "Ойлаған махаббатты бұлай деп кім?"
Сөзі: Ақмарал Леубаева; Әні: Жарылқасын Дәулет

Именіп қарасынан сынай көптің,
Тұрады құшағыңа құлай кеткім.
Әмірі ақылыңның жүрмейді екен,
Ойлаған махаббатты бұлай деп кім?

Қайырмасы:
Жиегі кестем қалды ау тігілмеген,
Оқтауда кеспем қалды ау кесілмеген,
Бір шеті көрпем қалды ау түрілмеген,
Үйткені сені ойладым бүгін де мен.

Түрімнен түңіледі түсінбеген,
Білмеймін бүлінгенін ісім неден,
Есіме ертелі-кеш сен түскенде,
Шәйнекте шайым қалды ау ішілмеген.

Қайырмасы

Кеткелі әлде қашан тыным менен,
Саусағым сені ойласам дірілдеген,
Көңілін көркем жардың алаңдатқан,
Үніңді сағындым ғой “күнім” деген.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке