БАЙДЫҢ ҚҰТЫРҒАН БАЛАСЫ,КЕНЕТ БҰРЫНҒЫ МАҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ ЗАМАНЫНА АУЫСЫП КЕТЕДІ | Кино шолу

Описание к видео БАЙДЫҢ ҚҰТЫРҒАН БАЛАСЫ,КЕНЕТ БҰРЫНҒЫ МАҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ ЗАМАНЫНА АУЫСЫП КЕТЕДІ | Кино шолу

Достар! Бүгін біз 2023 жылы шыққан,менің шолуымда алғаш маңғолиялық фильм болы тұрған,"Холоп.Однажды в Монголий" деген комедиядық
киноға шолу жасаймыз.Фильм керемет шыққан.Ендеше кеттік...

Дамиран деген басты кейіпкеріміз болады.Байдың баласы.Ойына келгенін жасайды.Біреудің көңіліне қарау деген мүлдем жоқ.Клубта жүріп бір қызбен
танысады.Маңайындағы адамдарға мүлдем қарамайды.Ақша бәрін шешеді деп ойлайды.Дамиран әлгі қызбен біраз сөйлеседі.Солай клубтан шығып,
тәкаппарланып кымбат көлігімен кетіп бара жатқанда,полиция қызметкері тоқтатады.Бірақ Дамиран кейін тоқтап,бірден ақшасын алып шығып әлгі
қызметкерге кете ғой дейді.Бірақ қызметкер адам еді.Мынау Дамиран оған,ендеше мен жүре беремін деп жүре бастайды.Қызметкер алдына тұрып алып
кейін көлікке жабысып алады.Тоқта тоқта деп жатады.Дамиран тоқтап қалып,әлгі қызметкер ұшып кетеді.Бірден Дамиранның әкесін көреміз.Полиция
бөлімшесіне келеді.Әкесі беделді адам болғасын бәрі оны сыйлайды.Алайда мына ұлыңызды түзеу керек дейді.Біздің қызметкердің ауруына ақшасын
төлеп бересіз дейді.Сыртқа шықсымен Дамиранның әкесі ұлына ұрса бастайды.Недеген адамсың ,ылғи да сенің артыңнан жүремін,қашан адам боласың
дейді.Ұлы болса,әкесіне қарсыласып сөйлейді екен.Дамиран әкесіне бар кете бер жұмысыңа,саған ылғи да жұмысың маңызды ғой дейді.Әкесінің есімі
Эрхэм.Содан Эрхэм өзінің телевединияда жұмыс істейтін таныс әйелге барады.Көмек сұрайды. Дамиранмен не істеуге болады дейді.Сонда мына әйел
менің бір досым бар,соған апарайық.Міндетті түрде ол жігітте бір ұшқыр ой пайда болады дейді.Өзі режиссер жігіт екен.Бірақ бір түрлі біреу.Нағыз\
Джэймс Камерон ғой.Содан Эрхэм барып,ол жігітпен танысады.Бас кезінде Эрхэм режиссердың басы істемейді деп ойлайды.Ашуланып кетіп қалады.
Артынан келіседі.Дамиран тағы да бір қызбен клубтан шығып бара жатқанда,эвакуатор оның көлігін әкетіп бара жатазды.Дамиран көлігінің артынан
жүгіріп бара жатқанда,алдынан бір көлік атып шығып оны қағып кетеді.Дамиран есінен танып қалады.Бір кезде есін жиса,Дамиран баяғы заманда
тайпа дәуірінде жүреді.Қасына бір досы келіп,бастыққа атын дайындадың ба дейді.Дамиран өзінше әлгіні теуіп жатыр.Бір кезде ауылдағы бір жігіт келіп,
Дамиранды алып шығып сабай бастайды.Дамиран түсінбей тұр.Сен кімсің,сені бірінші рет көріп тұрмын дейді.Әлгі кісі әй оңбаған деп оны ұра кетеді.
Бір кезде ауыл бастығы үйінен шығып ,тоқтаңдар ұрмаңдар оны дейді.Әлгілер болса,мына құл, атымызды дайындаған жоқ дейді.Дамиранды қамшымен
ұрып ұрып жібереді.Кейін Дамиранның қасындағы досы болып жүрген жігіт,оны қораға кіргізеді.Дамиран әлі де түсінбей тұр.Заманауи сөздерді айта
бастайды.Телефоным қайда дейді.Дамиран болса,бұның бәрі жәй ойын деп ойлап осы жерден қашудың жолын іздейді.Жолда қашып бара жатқанда,
суға секіріп құлап кетеді.Кейін жаңағы досының қасында отырады.Маңайда тағы да құл болып жүрген қыз жүреді.Дамиран әлі де өз өзіне келе алмай,
кім мында бастық дейді,шақыршы бері деп қояды.Әлгілер аузыңды жап ақымақ дейді.Бір кезде ауылдың тұрғыны келіп,Дамиранды тауып алады.

Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов

Комментарии

Информация по комментариям в разработке