ПАРСЫ ИМПЕРИЯСЫ ТУРАЛЫ 17 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ!

Описание к видео ПАРСЫ ИМПЕРИЯСЫ ТУРАЛЫ 17 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ!

Вавилон империясы құлағаннан кейін, Парсы империясы Таяу Шығысты өз бақылауға алдады. Кей деректе Парсы империясын, Ахеменидтер империясы деп те атайды.
«Парсы» атауы алғашқы Парсуа тайпасының атауынан шыққан.
Империяның негізін қалаған Ұлы Кир патша болатын.Кир патша, б.з. 550 жылы Медия империясын жаулап алып, содан кейін лидиялықтар мен вавилондықтарды жаулап алды. Кейінгі патшалар Кирдің ісін жалғастырып империя жер көлемін Үндістаннан Орталық Азияға дейін, Гималай тауларынан бастап Жер Орта теңізіне дейін кеңейтті . Оның шекаралары шығыстан батысқа қарай 3000 км созылып жатты, ол сол заманғы ең үлкен мемлекет болды.
Империяның алғашқы астанасы Персеполис қаласы болды. Бұл атау грекше «парсы қаласы» деген мағынаны білдіреді.
Ұлы Кирдің тұсында парсылар жаулап алған халықтарға өз өмірлері мен мәдениеттерін жалғастыруға мүмкіндік берді. Олар салық төлеп, парсы билеушілеріне мойынсұнған кезде өздерінің әдет-ғұрыптары мен діндерін сақтай алатын. Парсылар ассириялықтар сияқты жаулап алып халықты езіп жаншыған жоқ.
Парсылар Үлкен империяны бақылауды ұстап тұру үшін әр аймақта сатрап деп аталатын билеушілерді қойды. Сатрап – деген қазіргі кездегі әкімдерге ұқсайды. Сатыраптар мемлекеттің заңдары мен салықтарын орындайтын болған, Империяда шамамен 20-30 сатрап болған. Империяның көптеген керуен жолдар мен хабаршы жүйесі блған. Ең әйгілі жол Ұлы Дарий патша салған Корольдік жол болды. Бұл жол қазіргі Түркияның Сардесінен Эламның Сузасына дейін 1700 км болған. Әрбір мәдениетке өз дінін сақтауға рұқсат етілгенімен, парсылар Зороастризм дінін мемлекеттік дін деп бекіткен. Бұл Ахура Мазда деп аталатын от құдайға сендген.
Парсылардың ең ұзақ билік еткен патшасы біздің дәуірімізге дейінгі 404-358 жылдар аралығында 45 жыл басқарған Артаксеркс II болды. Оның билігі империя үшін бейбітшілік пен өркендеу уақыты болды.
Дарий патша кезіндегі гректермен күрес күшейді. Б,з,б 490 жылы Дарий Грекияға басып кіріп, Ол Грекияның кейбір қалаларын басып алды, бірақ, Марафон шайқасында афиналықтардан жеңіліске ұшырап кейін шегінді.
480 жылы Дарийдің ұлы Ксеркс I әкесінің бастаған ісін жалғастырып, бүкіл Грекияны жаулап алуға тырысты. Ол жүздеген мың жауынгерден тұратын үлкен армия жасақтады. Бұл ежелгі дәуірде жиналған ең үлкен әскерлердің бірі болған. Ол қалың әскерін бастап Спартаның аз армиясына қарсы Термопиле шайқасында жеңіске жетті. Алайда, грек флоты Саламис шайқасында Парсының әскери-теңіз флотын талқандады, Парсылар қатты жеңіліске ұшырағаннан кейін шегінуге мәжбүр болды
Парсы империясы б,з,б 334 жылы Александр Македонскийдың парсы жерін толықтай жаулауымен құлады!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке