КАСКАДЕР ЖІГІТ ҚЫЗҒА ҰНАУ ҮШІН,АКТЕРДАН ДА АСЫП ТҮСЕДІ | Каскадеры 2024 фильм | Кино шолу

Описание к видео КАСКАДЕР ЖІГІТ ҚЫЗҒА ҰНАУ ҮШІН,АКТЕРДАН ДА АСЫП ТҮСЕДІ | Каскадеры 2024 фильм | Кино шолу

Бүгін біз керемет киноға шолу жасаймыз.2024 жылы шыққан "Каскадеры" деп аталады.Фильм өте қызық.Басынан бастап аяғына дейін көрейік,сонда
бәрін түсінесіздер.Ал кеттік..

Кино басында Кольт деген Каскадер жігіт,өзінің жұмысын айтып жатады.Каскадер болу оңай емес,бірақ қарасаң,армандайтын жұмыс қой дейді.Кольт
Том Райдер деген актердың дублеры екен.Бұл командада Джоди деген қыз болады.Кольт екеуі бірін бірі жақсы көреді.Осылайша тағы да бір дубль
жасау керек болады.Кольтқа Том Райдердің продюсері жақындап,тағы да бір дубль керек,жасашы деп қоймай тұрып алады.Жоспар бойынша Кольт
сақтандырғыш тросс арқылы төменге құлау керек.Кольт сүйіктісі Джодимен сөйлесіп кетіп бара жатады да,жаңағы дубльді жасамақшы болады.Кольт
төменге құлаған кезде,тросс үзіліп кетіп,Кольт шынымен жерге құлап құлап емханаға кетеді.Осы оқиғадан кейін Кольт бір жылға жоғалып кетеді.
Телефонын да ауыстырып тастайды.Мүлдем ешкіммен араласпай кетеді.Ол көліктерді қарап жүретін орынға жұмысқа кіріп алады.Күндердің бір
күнінде оған Гэйл деген Том Райдердің продюсері қоңырау шалады.Оны жұмысқа шақырады.Біз жаңа кино түсірейін деп жатырмыз,соған каскадер
дублер керек дейді.Кольт бас кезінде келіспей тұрады.Бірақ Гейл,осы жолы киноның продюссеры Джоди болады деп қалады.Джоди сені шақырып
жүр деп қалады.Осылайша Кольт ойлана келе студияға келеді.Бірден жұмыскерлер оның бетін сканерге түсіріп алады.Яғни,актердың бетін қоя саламыз
деп қояды.Кольттың бір қара жігіт досы бар еді.Ол Кольтті көріп қуанады.Кольт болса,Джоди қайда,мені іздеп жүрген жоқ па деп үміттеніп қояды.
Ал Джожи болса,кәдімгідей жаңа киносының қойылымдарын айтып жатыр.Джоди осы жерден кетіп қалғанда,Кольт және досы келеді.Джодиге кейін
жаңа каскадер келді деп айтады.Ал Джоди,мүлдем бұл жерге Кольт келгенін де білмейді.Осы киноның сценарийі бойынша каскадер көлігімен екі үш
рет айналып аударылуы тиіс.Бәрі дайындалып,түсірілім жасай бастайды.Кольт керекті жерге келгенде,қызметтегі адамдар көлікті аударып жібереді.
Осы түсірілімде Кольт сегіз рет айналған екен.Бәрі мақтап керемет деп жатады.Бір кезде,Джоди келіп рахмет айтпақшы болады.Кольт екеуі бірін бірі
көріп,қарап қалады.Бірақ Джоди ренжулі екен.Не үшін келдің,бұны кім шақырды деп жатыр.Сөйтсе,Гэйл өтірік айта салыпты.Джоди мүлдем Кольтты
шақырмапты.Бас кезінде Джоди қырсығып келіспей тұрады.Бірақ қызметкерлер,басқа каскадерды таба алмадық дейді.Ақыры Джоди келіседі.Келесі
түсірілім кезінде,Кольт пришелецтермен төбелесу керек екен.Сол кезде,Кольт жанып кету керек.Осы жерді Джоди қайта қайта түсіргізіп Кольтты қинай
бастайды.Дұрыс болмады,дұрыс болмады,тағы да түсіру керек деп Кольтты отпен жаға береді.Енді ол жағы да дұрыс шығар.Себебі Кольт бір жылға
жоғалып кетті.Тіпті осы Джодиге де хабарын бермеген.Сол үшін де Джоди ашулы және ренжулі.Түнге қарай Кольт өзінің демалатын бөлмесінде
жүрген кезде,Гэйл келеді.Оған Кольт ашуланады.Сен маған өтірік айттың.Джоди мені шақырмапты ғой.Мені ұятқа қалдырдың дейді.

Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ОбзорФильмов

Комментарии

Информация по комментариям в разработке