Жетімнің ақысы. Ғибратты оқиға

Описание к видео Жетімнің ақысы. Ғибратты оқиға

Жетімдерге жақсылық қылу, олардың қажеттіліктерін өтеп, қамқор болу Құдайдың разылығына жеткізетін жақсы іс. Алла Тағала былай дейді: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْيَتَامَى قُلْ إِصْلاَحٌ لَّهُمْ خَيْرٌ وَإِنْ تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ﴾ «...Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Жетімдерге ізгілік қылу қайырлы іс» деп айт. Егер өздеріңмен араластырсаңдар, олар – бауырларың» (Бақара, 220). Құран Кәрімде жетімдерінің мүдделерінің толық сақталуы үшін әділдік қылу бұйырылады. ﴿وَأَن تَقُومُواْ لِلْيَتَامَى بِالْقِسْطِ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ اللّهَ كَانَ بِهِ عَلِيماً﴾ «...Сондай-ақ, жетімдерге әділдікпен қарауларыңды (бұйырады). Қандай да бір қайыр істесеңдер Алла оны жақсы біледі» (Ниса, 127). Рахманның рахымынан үміт еткен пенде жетімге оң көзбен қарап, жақсылық қылады. Ардақты аяттарда сондай ізгілікті істеуге әмір етілген. ﴿لَّيْسَ الْبِرَّ أَن تُوَلُّواْ وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَـكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلآئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ وَآتَى الْمَالَ عَلَى حُبِّهِ ذَوِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَالسَّآئِلِينَ وَفِي الرِّقَابِ﴾ «Ізгілік дегеніміз жүздеріңді шығысқа, не батысқа бұру емес. Алайда ізгі жан, ол Аллаға, ақырет күніне, періштелерге, Кітапқа, пайғамбарларға иман келтіріп, малын, оны қатты жақсы көре тұра жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолаушыларға, сұраушыларға һәм құлдарды азат етуге жұмсаған жан» (Бақара, 177). Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=437

Комментарии

Информация по комментариям в разработке