ШЕЙХ МҰХАММЕД САДЫҚ НЕГЕ АБДУЖАППАР СМАНОВТЫ ОҚҚАҒАР ҚЫЛҒАН?

Описание к видео ШЕЙХ МҰХАММЕД САДЫҚ НЕГЕ АБДУЖАППАР СМАНОВТЫ ОҚҚАҒАР ҚЫЛҒАН?

«Жаннатул фердауси» қайырымдылық қоры «Сарыағаш» медресе-колледжінің жанынан құрылды. Оқу орны Сарыағаш қаласынан 14 шақырым жердегі Ынтымақ ауылында орналасқан. Мұнда діни білім алуға мүмкіндік мол, техникалық базасы жетілген. Имандылық ордасының түлектері еліміздің әр тарапында түрлі салада адалдықтан айнымай, жұрт бірлігі мен дін татулығы жолында қызмет етіп жүр. Қазір 857 шәкірт (ұл, қыз) қайнарлы дәстүрімізден қуат алып, сүннетпен сусындап өсіп келеді. Олардың білім биігінен көрініп, дара тұлға болып танылуына 56 ұстаз күш-жігерін сарп етуде. Білім ұясының міндеті – жоғары діни оқу орындарына діни діңгегі мықты буын тəрбиелеп беру. Сондай-ақ Әл-Фараби, Абай, Ахмет, Шәкәрім, Қажымұқан сынды ұлт руханияты жанашырларының ізін жалғастырушы ұрпақ дайындау. Бұрын тек қана медресе ретінде жұмыс істеп келген оқу ордасы 5 жылдан бері колледж мәртебесіне ие. Қордың құрылуы да осы кезеңге тұспа-тұс келеді. ҚР Әдiлет министрлігінде 2016 жылы 11 сәуірде тіркелген. Құрылтайшы абдужаппар шәкірұлы сманов. Қор жұмысының мақсаты – «Сарыағаш» медресе-колледжіне халықтың зекет-садақасын жеткізу, мұқтажды басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке