«Отырар: Ақиқат пен аңыз». Деректі фильм

Описание к видео «Отырар: Ақиқат пен аңыз». Деректі фильм

Қамалы берік қалалар, жайқалған бау-бақшалар мен найқалған гүлзарлар, қыш күйдірген шеберлер, сәлделі сопылар мен зерделі шәкірттер, медреселер мен мешіттер, темірге тіл бітірген ұсталар, тасқа жан бітірген зергерлер, диқандар мен шаруалар, бес қаруын сайлаған батырлар, көсілген керуендер... Иә, «Ортағасыр мәдениеті» дегенде көз алдымызға осы бейнелер елестейді. Бүгінгі мәдениетіміз бен өркениетіміздің, ғылым-біліміміздің дамуында «Ортағасыр мәдениетінің» алар орны ерекше. Ал, Ортағасырлық қалалар сол озық мәдениеттің ошағы. Қазақстан топырағындағы орта ғасырға тән қалалардың ішінде Отырыр қаласы өзінің сәулет өнерімен, ғылым-білімімен, терең тарихымен, ел ішіне тараған ғажайып аңыздарымен ерекшеленеді.
Отырардың тылсым аңыздарына бойлап, ақиқатына сүңгу арқылы, құмға көмілген тарихтың көзін ашып, құнды мағлұматтар мен тың деректерге қаныға аламыз.

#Отырар #Ақиқатпенаңыз #деректіфильмінің #деректі

Комментарии

Информация по комментариям в разработке