Детектив жанрындағы жаңа өнім

Описание к видео Детектив жанрындағы жаңа өнім

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Кейінгі бірнеше күнде Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында болған оқиға елорда тұрғындары талқылаған ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Себебі, адам аяғы үзілмейтін орталықты әп-сәтте күштік құрылым өкілдері қоршауға алған. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері сонда жүр. Куәгерлер ғимарат ішінен атылған оқтың дыбысын естілгендерін айтады. Әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы оқиға орнына барып қайтқан еді.
Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығын күштік құрылымдардың қоршауға алғаны да, ғимаратқа төтеншеліктер мен жедел жәрдемнің ағылғаны да рас. Бірақ бронды және арнайы техникалар өрт сөндіріп, адамды қауіптен құтқаруға емес, реквизит үшін қойылған.
ДМИТРИЙ ҚЫРЫҚБАЕВ, режиссер:
– Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресті насихаттауға арналған телехикая түсіріп жатырмыз. «12 сағат» сериалы қоғамды қауіп-қатерге толы құқық қорғау органдарының жұмысына құрметпен қарауға, жастардың бойындағы патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған. Ал, мұндағы жедел жәрдем, өрт сөндіру көлігі, бронды техника секілді реквизиттерді Ұлттық қауіпсіздік қызметі ұсынып отыр.
Сериал авторларының айтуынша, сценарийге сәйкес, санасы уланған, радикалды көзқарастағы жігіт елорда төріндегі ірі сауда орталықтарының бірін басып кіріп, келушілерді кепілге алады. Сөйтіп, бірнеше талап қояды. Яғни, келіссөзді елге белгілі полковник жүргізіп, БАҚ өкілдері процесті тікелей эфирден көрсетуге тиіс. Бірақ террористер талабы мұнымен бітпейді. Демек, ғимарат ішінен атылған қару дауысының естілуі де көп сахнаның бірі болып отыр.
ҚАСЫМХАН НҰРМҰХАМЕДОВ, «САРЫАРҚА» СОО дамыту жөніндегі директоры:
– Біз түсірілім тобына сауда орталығына қарасты 40 мың шаршы метр алаңды беріп отырмыз. Бұдан бөлек, төбесі мен көлік тұрағы да бар. Әрі сахна бойынша әлденені қиратып, сындыру қажет болса, оған да жағдай жасадық. Мәселен, кафельді бүлдіре ме, терезені сындыра ма өз ырықтарындағы дүние. Біз өз тарапымыздан қажеттінің бәрін ұсындық.
Режиссер Дмитрий Қырықбаев «12 сағат» бұрынғы жобаларына қарағанда қиын, әрі өзекті деп отыр. Сондықтан, ауқымды тақырыпты мейлінше ашып, жастарды радикалды топтардың арбауына түсуден сақтауды мақсат еткен. Айта кетейік, мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 31 арна түсіріп жатқан жаңа өнім қазан айында қалың көрерменге жол тартады.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке