КТК: Қазақстан жаңалықтары 18.04.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 18.04.2024

Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

МЕКТЕПТЕГІ ӘЛІМЖЕТТІК
Астанада оқушы мектептің 4-ші қабатынан секіріп кетті. Ауруханада есін жиған жасөспірім ата-анасына мектепке қатарластарынан жәбір көргенін айтқан.

ТАСҚЫН -2024
Батыс Қазақстанда Жайық өзені бір тәулік ішінде 38 сантиметрге көтерілген. Апат аймағына құтқарушылар мен еріктілерден бөлек, еліміздің әр өңірінен еріктілер көмекке келуде.

ИСПАНИЯДА ТІГІЛЕДІ
Париждағы Олимипиадаға аттанатын спортшыларымызға тәуір форма тігу өзіміздің қолдан келмей ме? Қошқар мүйізбен көмкерілген көкшіл тақия мен барқыт бөрікті испаниялық дизайнерлерге тіктіру - демеушілердің шешімі.

АЯЛДАМАДАҒЫ АПАТ
Ақтөбеде жарнама қалқаны үш әйелді басып қалды. Аялдамаға шыны конструкцияны орнату кезінде жұмысшылар оны құлатып алған.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке