Жұмабек Мұқиятұлы - Ақ моншақты аруым | Алтынбек Қоразбаев

Описание к видео Жұмабек Мұқиятұлы - Ақ моншақты аруым | Алтынбек Қоразбаев

#ЖұмабекМұқият#Керемет#Ән#Домбыра#Күй#Jumabek#Алтынбек#Қоразбаев#Қытай#Қазақтары

Еркелігің еліктің лағыңдай,
Көркемдігің көлдің көк құрағындай.
Мойынында мөлдіреп моншақтарың,
Көрген күннен арттырды құмарымды-ай.

Қайырмасы:
Мойныңдағы моншағың
Әдемі екен сонша бір.
Қадалады көп жігіт,
Сол қулардан қорқамын.
Моншақ таққан тамағың
Әппақ екен, қарағым.
Атқан таңдай арайлы
Жарқ еткенде жанарың.
Шағаладай шайқаған қара суды,
Талай жігіт сыртыңнан таласулы.
Мазалайды мені де жай таптырмай,
Моншақтарың мойныңда жарасымды.

Қайырмасы:

Моншақтарың маржан ба, лағыл ма екен?.
Күтіп тұрған алдымда бағым ба екен?
Жымыңдаған жұлдыздай тұңғиықтан,
Қол жетпейтін әлде бір сағым ба екен?

Қайырмасы:
(Соңғы шумаққа қосылып)
Жалын атып жүрегім,
Өзінді ойлап жүдедім.
Сол моншақтың орнына
Оралсайшы білегім.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке