Назарбаевпен қоштасу, Мәсімовті тергеу, Газадағы қазақтар – AzatNEWS | 14.11.2023

Описание к видео Назарбаевпен қоштасу, Мәсімовті тергеу, Газадағы қазақтар – AzatNEWS | 14.11.2023

– Шамалғанда жұрт Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқаны айтылды. Күзет журналистерді үйге де, бейітке де жақындатпады.

– Билік Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушылардың бірі деп атаған Кәрім Мәсімов тағы екі бап бойынша тергеліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Астанадағы изоляторда отырғанын айтты.

– Газа аумағынан шығуға тиіс болған қазақстандықтардан әлі хабар жоқ. Сыртқы істер министрлігі бүгін Қазақстанның 65 азаматы Египетке қарай өтеді деген.

Дипломатиялық кездесулерді көбейткен Орталық Азия Мәскеуді ығыстыра ала ма? Азаттықтың сараптамасын мына жерден оқи отырыңыз: https://www.azattyq.org/a/ortalyq-asi...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке