Мен таңдаған мамандық. Полиция қызметкер

Описание к видео Мен таңдаған мамандық. Полиция қызметкер

Бұл қызметке әркімнің келу тарихы әртүрлі. Бірі әке жолын қуған, енді бірі аға кеңесін тыңдаған. Бірақ, бәріне де ортақ бір дүние бар, ол – адамдарға қорған болу ниеті. Қоғамда тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Жәбір көрген жанға көмек көрсетіп, қылмыскерді ұстау. Қай-қайсысы да мұны бала кезден армандаған десек, артық емес. Ал, арманға қол жеткізу үшін, алдымен білімі мен физикалық дайындығы сай болып, арнаулы оқу орнын бітіру керек. Содан кейін ғана погон тағып, полиция қызметкері атана алады. BAQ.KZ «Мен таңдаған мамандық» бағдарламасының кезекті санын ұсынады: полиция қызметкері.

Таймкод төменде:

02.25 - Жедел-тергеу тобының құрамы мен атқаратын қызметі.
04.29 - Тергеуші – жедел-тергеу тобының жетекшісі, ол жоғары деңгейдегі ұйымдастырушы бола білуі тиіс.
05.21 - Тергеуші мен анықтаушының айырмашылығы.
06.40 - Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі көбейіп кетті. Оның алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді.
08.12 - Анықтаушы – оқиға орнына ең алдымен баратын қызметкерлердің бірі.
09.30 - Тергеп-тексеру амалдары бірқатар шаралардан тұрады, ал оны жүргізу үшін анықтаушыға қандай қасиеттер қажет?
11.08 - Қылмысты жылдамырақ ашу – басты мақсат. Сонымен бірге, анықтаушы жәбір көрген жанның жабырқаулы көңілін аулап, сабырға шақырады.
13.26 - Криминалист маманның міндетіне не кіреді?
16.24 - Полиция сапында қызмет ету үшін толық орта, орта кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіру керек. Ер азаматтар үшін әскери билет болуы шарт. Алайда, қызметтік мансапта лауазымды орындарға көтерілу үшін жоғары оқу орнын тәмамдау қажет.
18.33 - Тергеуші болу қыз балаға қиын емес.
19.26 - Полицейлер туралы жағымсыз пікір де айтылып жатады. Ондайда қайтпек керек?
21.31 - «Полиция қызметкері болғаныма қуанамын. Мақтан тұтам. Жәбірленуші рахмет айтқанда жұмысқа құштарлығың оянады».
23.09 - «Бір адамға көмектессеңіз, бір қылмысты ашып, ол кісінің рахмет деп айтқаны, өте үлкен сізге бақыт, қуаныш. Мен үшін мәртебе, мен үшін мақтаныш».
24.37 - Мен таңдаған мамандық осы
_______________________________________________________________________________
BAQ.kz. Басты ақпарат құралы.
Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/

Біздің әлеуметтік желілерге жазыл:
Instagram:   / baq.kaz  
Facebook:   / baq.kz  
Telegram: https://web.telegram.org/#/im?p=@baq_kz
Tiktok:   / baq.kz_  

#baqkz #қазақстанжаңалықтары #полиция

Комментарии

Информация по комментариям в разработке