"Көңілбай Шүкенов ұстатпай жүр": Amanat Home салымшылары тағы жиналды

Описание к видео "Көңілбай Шүкенов ұстатпай жүр": Amanat Home салымшылары тағы жиналды

Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз 🔔    / @halyq-uni  

«Халық Үнін» бірге жеткізейік!
_________________________
Астанада Amanat Home салымшылары ХАЛЫҚ ҮНІ редакциясына хабарласып, тағы да көмек сұрады. Осыдан екі ай бұрын олар тілшімізге мәселенің мән-жайын баяндап берген еді. Amanat Home кооперативі 200-ге жуық салымшының не үйін, не ақшасын бермеген. Сол уақыттан бері еш өзгеріс жоқ.

І бөлім:
   • 200 адам аштық жарияламақ: қаржы пира...  

Одан бөлек, Amanat Home кооперативі ұйымдастырған ұтыстан 1 бөлмелі үй ұтып алған Болатбек Мамырбеков те үйдің құжатын ала алмай, өз атына рәсімдей алмай жүр. Ол бұған дейін өзі далада қалғанын айтқан болатын. Болатбек Мамырбеков содан бері әлі ешнәрсе өзгермегенін, жауапты тұлғалардан жауап ала алмағанын айтты. "Енді ар-намысымды таптап, мазақ еткені үшін сотқа жүгінемін" деп отыр.

ІІ бөлім:
   • Үйімнің құлпын ауыстырып тастады, "Ал...  

Amanat Home салымшылары Көңілбай Шүкеновті бетпе-бет кездесуге шақырды. Олар ақша салуға үгіттеген адам "Құран ұстап, видео түсіргенше халық алдына шығып, жауап берсін" деп талап етіп отыр.

Журналист: Гүлбаршын Нұрхан
Оператор, монтаж: Айбек Тымбаев
_________________________
Бізбен байланыс:
Сайт - https://halyq-uni.kz/
Instagram –   / halyquni.media  
Telegram – https://t.me/halyquni
TikTok –   / halyquni  

Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇

   • Ozgeshe podcast  

   • AQ Soile - сұхбат  

   • Ащы шындық  

   • Жанайқай  

#ХалықҮні #AmanatHome #Астана

Комментарии

Информация по комментариям в разработке