Шаңғы спорты. Қауіпсіздік ережесі. Бір мезгілді екі адымды жүріс.

Описание к видео Шаңғы спорты. Қауіпсіздік ережесі. Бір мезгілді екі адымды жүріс.

Оқушылар мұғалімнің айтқаның мұқият тыңдап, жаттығуларды дұрыс және дәл орындауға тиіс. Балалар арасында ауыр жарақаттарды болдырмау үшін, мұғалім дөңді және шұңқырлы жерлерден аулақ болуы керек. Бас киімсіз және қолғапсыз жаттығуға тыйым салынады. Киім суық пен желден қорғайтын, жеңіл және ыңғайлы болуы керек. Далаға шыққан соң, бірден шаңғыға тұрмаңыз, себебі шаңғының үстінде мұз қабығы пайда болып, сырғанауға кедергі келтіреді. Тар немесе кең етік, жарақаттарға әкелуі мүмкін, сол үшін шаңғы етігі аяқ өлшеміне сәйкес болғаны дұрыс. Аяққа екі құрғақ шұлық (нәски) киюге кеңес беріледі. Шаңғымен жүру кезінде 3-4 м аралықты, төмен қарай түскен кезде – 30 м ара қашықтықты сақтау ұсынылады. Рұқсатсыз сабақтан шығып кетуге болмайды. Шаңғы жабдығы зақымданатын болса, міндетті түрде мұғалімді ескерту керек. Егер тепе-теңдікті жоғалтып алсаңыз, сәл еңкейіп, бір жақ жанға құлаңыз. Жарақат алмас үшін таяқшаларды артқа қарай бағыттаңыз. Тамақ ауруын болдырмау мақсатында, жаттығудан кейінгі алғашқы 20-30 минут ішінде салқын су ішуге болмайды. Мектеп оқушылары үшін, бұл сабақ -5-тен -12 градус аралығында өткізілуі тиіс. Үсік пайда болған жағдайда, теріні дереу үйкелеу қажет. Мұны қармен емес, құрғақ қолмен жасаңыз, өйткені теріні зақымдап, инфекция жұқтыру қаупі бар.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке