Ашық сабаққа арналған 3 ҮЗДІК ИДЕЯ

Описание к видео Ашық сабаққа арналған 3 ҮЗДІК ИДЕЯ

Сабаққа қызықты идея керек пе?

Бұл видеода оффлайн сабақта қолдануға болатын әдіс- тәсілдермен бөлістім.

1. 5 минутта сабақ құрылымын қалай жасауға болады?

2. Қызығушылықты ояту сатысын ұйымдастыруда қандай белсенді әдіс- тәсілді қолданамыз?

3. Сыныптағы барлық оқушы белсенді болуы үшін қандай әдіс тиімді?

Бүгінгі видеодан осы сұрақтардың жауабын аласыздар.

Ал бұл әдістер сізге таныс па еді? Болашақта сізге пайдасы тиюі мүмкін бе?

Комментарийге пікір қалдыра отырыңыз.

“Сағат-дос” әдісінің сипаттапасы

1. Осындай сағат сызбаларын әзірлеп, әр оқушыға таратасыз.
2. Тапсырма санына қарай уақытты белгілейсіз. ( 3 тапсырма болса 3 уақыт (09:00,12:00, 15:00) 4 тапсырма болса 4 уақыт ( 09:00,12:00,15:00,18:00))
3. Оқушылар өз сағаттарына осы уақыттарды видеода көрсетілгендей белгілеп алады.
4.Енді оқушыларға сыныпты аралай жүріп әр уақыттың тұсына сыныптасыңыздың есімін жазуға нұсау бересіз. Ескерту: оқушылар ақылдаса орындау керек.
5. Барлық оқушылар сағатты дұрыс толтырғанын қадағалаңыз.
6. Барлығы толтырып болған соң “сағат 9 болды деп” айтасыз.
7. Сағат 9-да кімнің есімі жазылып тұр сол оқушылар жұптасып, сіздің 1-тарсырмаңызды орындайды.
8. Осылайша сағат 12 болды дегенде 2- тапсырманы жаңа жұпта орындайды, сағат 15:00 болды деп белгі бергенде, жаңа жұптар 3-тапсырмаңызды орындайды. 18:00- де 4-тапсырма да жаңа жұпта орындалады.
9. Осылайша оқушылар бір сабақта бірнеше жұпта түрлі тапсырмаларды белсенді түрде орындауға мүмкіндік алады.
10.Тапсырмаларыңыз оқу мақсатына сай, әр деңгейлі болса құба-құп.

Шаблондар телеграм каналымда

https://t.me/joinchat/JzHx4O0XkxVhYzI6

#активити #белсендіәдістәсілдер #ашықсабақ #ашыксабак #оффлайн

Комментарии

Информация по комментариям в разработке