Қарағанды облысындағы «Жартас» шипажайы заман талабына сай жұмыс істеуде

Описание к видео Қарағанды облысындағы «Жартас» шипажайы заман талабына сай жұмыс істеуде

Өңірдегі «Жартас» шипажайында ковидпен ауырғандарды сауықтыруға және созылмалы аурулардың алдын алуға көңіл бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жыл басынан бері мұнда 5500-ден астам адам ем алған. Оның 70 проценті «Арселор Миттал Теміртау» компаниясында еңбек ететін кеншілер мен металлургтер екен. Шипажай барлық халықаралық талаптарға және Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұйрыққа сай жұмыс істейді.
Табиғаттың сыйы – озекериттен дәрілік зат дайындайтын мынадай заманауи пеш әзірге Қарағанды облысындағы ешбір шипажайда жоқ. Минералдың бұл түрі буынды емдеуге арналған. Сондай-ақ мұнда жарық сәулесімен сауықтыратын швейцариялық қондырғы екі бірдей тұз шахтасы, тыныс жолдарына арналған спирограф және ЭКГ аппараты бар.

«Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - https://24.kz

Комментарии

Информация по комментариям в разработке