Күлкілі сұрақ әдемі жауап. МИҒРАЖ КЕШІ. ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ

Описание к видео Күлкілі сұрақ әдемі жауап. МИҒРАЖ КЕШІ. ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ

ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ
Мүбәрәк миғраж кеші.
Аллаһ тағала жоғары иллаһи рызықтарын беру үшін өзінің сүйікті құлдарын әртүрлі сынақ емтихандардан өткізеді. Күллі Алланың елшілері мұндай тақсыреті мол тағдырға мойынсұна білген. Тіпті, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) ұлы миссиясынан бас тартқызбақ болған әртүрлі кедергілерге қарамастан, Ол (с.ғ.с.) ешқашан атақ-даңқ пен мансапқа малданбай, Ұлы Жаратушының ұлылығын паш етіп, қараңғылықпен һәм қарадүрсіндікпен күресіп, ғұмырын саналы да, сәулелі ете алды. Келешекте исламды жұрттың лек лекпен, толқын толқынымен қабыл ететіндігіне бір сәтте үмітін үзген емес-ті. Сондықтан да, өздеріне ұдайы құқай мен теперіш көрсеткен меккелік және тайфтық мүшіріктерге: «Тура жолды көрсете гөр!»- деп тілеген болатын.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне қарсы дұшпан болған жабайы тобырмен табанды күрес жүргізген шақта, қасиетті Миғраж (түнгі серуен немесе ұшпаққа шығу) оқиғасы болды.
Миғраж, салихалы дерек көздеріне қарағанда, Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (алты жүз жиырма бірінші жылы) бұрын болған. Ражаб айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қара-ған түні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пыраққа мініп, түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушымен ерекше ғажайып халде тілдесті.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке