Аңсарым - Салтанат Серкебаева (текст, мәтін, lyrics)

Описание к видео Аңсарым - Салтанат Серкебаева (текст, мәтін, lyrics)

Сені іздеп күнім жиекке жығылады,
Қызыл да жасыл дүние құбылады.
Жанарыма кеп түйір жас тығылады…
Сезімім тамшы әйнекке ұрылады,
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні.
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Қайрылмастан рас па кеткенің?
Сағындырған күнім,
Сені ойладым бүгін,
Сағым болған менің көктемім
Алмасып күнмен, көгімде ай қалады
Терезесінен көңілдің ай қарады,
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады.
Мен емес, сені қара түн аймалайды,
Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды,
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы?


Ансарым ( кавер ) - Салтанат Серкебаева
#1001қазақәні #1001qazaqani #1001казакани
‎@QAZAQWA__ANDER 

Комментарии

Информация по комментариям в разработке