Қастандық қайдан келді?!

Описание к видео Қастандық қайдан келді?!

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың назарына. 2007 жылы бүкіл елдің жағасын ұстатқан «Маловодное қақтығысынан» кейін істі болып, сотталған Нұрлан Тасболатұлына тағы да қастандық жасалды. Тағы да дейтін себебіміз, Нұрлан Ахметовтың туған інісіне 2011 жылы белгісіз біреулер оқ атса, 2012-і жылы Нұрланның өзін қаскөйлер Калашников автоматымен атып өлтірмек болған. Ал бұл жолы қаныпезерлер Нұрланның үйінің алдында тұрған көлігіне жарылғыш зат қойып кеткен. Полицейлер күдіктіні бұл жолы да ұстай алмаған. Жарылыстың дауысынан өретүрегелген ауыл тұрғындары бұл қастандықты терроризм деп отыр.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке