АДАЙЛАРДЫҢ МАҢҒЫСТАУҒА КЕЛУІ/АТАМЕКЕН/ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҮЛЫ/ЖЫР-ДАСТАН. ЖЫР ТЕРМЕ

Описание к видео АДАЙЛАРДЫҢ МАҢҒЫСТАУҒА КЕЛУІ/АТАМЕКЕН/ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҮЛЫ/ЖЫР-ДАСТАН. ЖЫР ТЕРМЕ

Бəли Қашаған жыраудың "Атамекен" дастаны.

Орындаған: Сəттіғали Нұрдəулет


Қашаған Күржіманұлы

Қашаған ақынға аруақты сөз біткенмен, мал бітпеген қара табан, жарлы-жақыбайлау кісі екен. Бірде жалғыз бұзауы өрістен келмей қалып, соны іздеп шығады. Бірақ таба алмай, адасып, жаңадан келіп қонған бір бай ауылға кезігеді. Бұл ауыл Қашаған атына қанық болғанмен, жүзбе-жүз танымайды екен. Шет жақтағы үлкен ақбоз үйге келіп кірсе, бір-екі әдемі киінген сарбаз жігіттер табақты ортаға алып, тамақ жегелі жатыр екен. Бірақ шаршап, шалдығып келген, өңі де, киімі де жүдеу ақынға үй иесі бай да, бәйбіше де "жоғары шық" деп айта қоймады. Ол амалсыз төменгі жаққа отыра кетеді. Байдың жаратпай калғанын сезсе де, сыр білдірмей жоқ қарап жүргенін айтады. Отырғандар: "Сонда бұзауды осы үйдің ішінен қарағалы келдің бе?" - деп келемеж етіп, күліседі. Сонда Қашаған табан астында:
Бұзауым қайда кеттің қумалақтап,
Отырмын, міне, мен де шығанақтап.
Құдағай "қолыңды жу" демеген соң,
Табаққа қол салмадым сұғанақтап.
Бәрінен жоқ қараған жаман екен,
Көңілің қарайғанға алаң екен.
Қор болды-ау Кіші жүздің Қашағаны
Сол бұзау бізді есіне ала ма екен...-
деп төкпектете, тағы да тамағын бір кенеп алып, айтуға оқталады. Сонда үйдегілер үрпиісіп, ұшып тұрып:
"Ойбай, Қашеке "танымасын сыйламас деген" білмей жүзіқара болып қалдық, - деп оны зорлап көтеріп апарғандай төрге шығарады. Қонағасы қайтадан басталады.

"Маңғыстау акын жазущылары китабынан.!!!
#Адайлар #ЖЫртерме #МАңғыстау#

Комментарии

Информация по комментариям в разработке