ДЕТРИМАКС Бэби 👍 Д3 Д Дәрумені ПАЙДАСЫ,ҚАЗАҚША АҚПАРАТ

Описание к видео ДЕТРИМАКС Бэби 👍 Д3 Д Дәрумені ПАЙДАСЫ,ҚАЗАҚША АҚПАРАТ

#д3 #д3витамины #д3дәрумені #денсаулык #дәрумендер #ағза
ДЕТРИМАКС® БЭБИ ТАМШЫЛАРЫ D дәруменіне тәуліктік
қажеттілікті толықтыруға көмектеседі.
D ДӘРУМЕНІ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА МАҢЫЗДЫ:
СҮЙЕК-БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІНДЕ. Фосфор-кальций алмасуын реттеуде
қатысады: ішекте кальцийдің сіңуіне көмектеседі, қандағы кальций мен
фосфордың қажетті деңгейін қолдайды, сүйек метаболизмін белсендіреді.
Сүйектің мықтылығын қамтамасыз етуге және рахиттің, остеомаляцияның
(сүйектің жұмсаруы) даму қаупін азайтуға ықпал етеді. D дәрумені тісті
нығайтады, одонобластылардың – тістің иммундық жүйесінің жұмысын
орындайды, тістің қалпына келуі және эмальдің саулығы үшін өмірлік маңызды
дентинді өндіреді. Зерттеулер көрсеткендей, организмдегі D дәруменінің
жеткілікті мөлшерімен тісжегі қаупінің төмендеуі арасындағы айқын байланыс
бар. D дәруменінің қалыпты деңгейін қолдау балалар үшін аса қажет, себебі,
балалық жас – сүйектің өсуі үшін күрделі кезең. Бұлшық еттің күшін және нерв бұлшық еттің өткізгіштігін қолдауға ықпал етеді. D дәруменінің тапшылығы
бұлшық ет әлсіздігін туындатады, осының салдарынан D дәруменінің
тапшылығына ұшыраған балалар тұрғанда және жүргенде қиындықты сезінеді,
ал егде жастағы адамдарда құлау мен сүйектің сыну қаупі артады.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ. Иммундық қызметтің саулығына, белсендіруге
ықпал етеді, туа біткен және жүре пайда болатын иммунитетке оң әсер
етеді. Организмде микробқа қарсы өзіндік пептидтерінің: каталицидин мен
дефензиннің түзілуін іске қосады. Суық тию ауруларының даму қаупін
азайтады. Жасушалардың өсуіне, дамуына және жаңаруына реттейтін әсер
етеді. Организмдегі D дәруменінің тапшылығы иммундық қорғанысты әлсіретуге
апарады. Клиникалық зерттеулерде дәлелденгендей, D дәруменін қосымша
қабылдау суық тию ауруларының қаупін төмендетеді.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕ. Жүйке жүйесінің қызметіне оң әсер етеді, психо эмоционалдық жағдай мен танымдық қызметті қоса: көңіл-күй, есте сақтау,
жұмысқа қабілет, организмнің жалпы ширақтығы. Нейро-қорғаныстық әрекет
етеді, оқу және есте сақтау үрдістерін жақсартады, себебі, жүйке жасушаларының
арасында импульстердің берілісін іске асыратын нейромедиаторлардың,
биологиялық белсенді заттектердің өндірісінде қатысады. Ол триптофанның
серотонинге – адамның қалыпты танымдық қызметі мен психо-эмоционалдық
жағдайы үшін зор мәні бар нейромедиаторға айналуы үшін қажет. Көңіл күйді жақсартуға ықпал етеді. D дәрумені нейромедиаторлар: серотонин,
допаминнің түзілуіне оң әсері есебінен ауырсыну сезімталдығына да оң әсер
ете алады. Шаршауды басуға және организмнің ширақтығын арттыруға ықпал
етеді, жасушалардың өзіндік энергетикалық әлеуетін реттейді. D дәрумені
әсерінің нәтижесінде жасушалардың митохондрияларында организмде өтетін
барлық биохимиялық үрдістер үшін өзіндік әмбебап энергия көзі болатын АТФ
(аденозинтрифосфат) өндірілуі артады. Майлардың асқын тотығу үрдістерін
тежейді.
БРОНХЫ-ӨКПЕ ЖҮЙЕСІНДЕ. D дәрумені – өкпенің дамуы, оның дұрыс
құрылымы және қалыпты қызметі үшін қажетті фактор. Өкпенің созылмалы
обструктивті ауруы кезінде емдеу әсерін тигізеді, қабынуды азайтады. Ауа
өткізу жолдарының тегіс бұлшық етінің өзгерістерін болдырмауға ықпал
етеді, тыныс алу жолдарының бұлшық етін және қабыну жауабын реттейді,
бұл өкпенің қалыпты қызметіне ықпал етеді. D дәрумені балаларда демікпе
дамуының алдын алады және Өкпенің созылмалы обструктивті ауруын
емдеуде және профилактикасында әрекет ететін құрал, инфекциялардың кең
ауқымынан қорғайды, туберкулез бен респираторлық инфекцияларды қоса.
Өкпе макрофагтарында матрикстік протеиназдардың микобактериялардың
әсеріне ұшырауына кедергі келтіреді және осы ферменттермен өкпе тінінің
табиғи қорғаныс жабындысының бұзылысының алдын алады.
ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІНДЕ. D дәрумені жүрек-қантамыр жүйесінің
қызметін қолдауда қорғаныс ролін атқарады. Тамырлардың ішкі қабатына
және бұлшық еттік қабырғасына, сондай-ақ, қан ұюы үрдістеріне оң әсер
етеді. Осымен қатар, D3 дәрумені семіздікті және метаболикалық синдромның
барысын реттеуде маңызды роль атқарады.
ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕДЕ. Жүктілікті жоспарлайтын немесе бала көтеруде
қиындыққа ұшыраған жұптардың репродуктивтік қызметіне оң әсер етеді. D3
дәрумені тапшылығының болмауы ЭКҰ нәтижесін жақсартуға мүмкіндік АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ. D дәрумені асқазан-ішек жолдарының сілемей
қабатының гомеостазына (ішкі тұрақтылық) әсер етеді, эпителий қалқанының
тұтастығын және эпителийдің өң бітіру қабілетін сақтауға ықпал етеді. D
дәрумені асқазан-ішек жолдарының және бауырдың қызметіне оң әсер етеді.
D ДӘРУМЕНІ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ:
сүйек-бұлшық ет жүйесін және тістерді нығайтуға
сау иммундық қызметті қолдауға
жүйке жүйесінің қалыпты қызметін қолдауға
репродуктивті қызметті қолдауға
май салмағын азайтуға.
Қолдану аясы: тағамға биологиялық қоспа ретінде D3 дәруменінің қосымша
көзі ретінде ұсынылады.


@darihanaKZ

   • НОВИГАН НЕО ҚАЗАҚША АҚПАРАТ ⤵️🤯ҚАНДАЙ...  

   • ✅️ЛИМЕНДА қазақша.Кандидоз Молочница ...  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке