Ерсін Әміре әкесінен озды ма? |

Описание к видео Ерсін Әміре әкесінен озды ма? |

#БекайдарАмире #ЕрсинАмире #мұсылман #иман #ислам

00:00 Жиырма бесінші сағат
01:46 Сіз жайлы ақпараттар қарап отырып, ютюбтан марқұм Әбдіғаппар Смановтың сізді, сіздің әулетті мақтағанын көріп қалдым. Шынында сондай текті адамсыз ба?
09:00 Мақтаудан шығып жатыр ғой, басқа да әулеттер сондай мақтауға лайық болуы үшін не істеу керек? Ондай деңгей дәреже Құдайдан берілетін сый ма, әлде тірнектеп өзің жинайтын абырой ма?
11:31 Әбдіғаппар аға дегеннен шығады, ол кісі былтыр өмірден өтті. Қырғыздың Әбдіғаппары Шұбақ қажы да о дүниелік болды деген сияқты. Сұрайын дегенім, кейінгі жылдары бір ылғи жақсы адамдар өмірден жиі өтіп жатқандай әсер бар. Осыны қалай түсінемін, бұл ненің белгісі, басымыздан бақ кетіп бара жатқан жоқ па?
13:35 Сіздің уағыз насихаттарыңызды қарасам, әзілге бұрыңқырап сөйлейтініңіз аңғарылады. Ақсақал адамға қалжың қаншалықты жарасымды?
14:53 Адамның ақылы пісетін уақыт болады деген сөз бар. Сіздіңше, ол қай жас? Сіздің ше, ақылыңыз пісті ме?
16:45 Қателеспесем, сіздің руыңыз төре. Төре қазақ тарихында билікте болған, сайлаған. Қазіргі билік туралы не айтасыз?
18:14 Бұрынғы, ескі заманның ақсақалдарын, қарияларын көрген адамсыз. Олардың қазіргі ақсақалдардан айырмасы бар ма?
28:34 Әкеден өте туыпты деген сөз бар ғой, қазақта. Қалай ойлайсыз, ұлыңыз Ерсін, Ерсін Әміре қари, имам сізден озды ма?
30:03 Жалпы қанша бала шағаңыз бар, ата? Барлық балаңыз үмітіңізді ақтады ма?
31:20 Жалпы балаға дін үйрету неден басталады?
33:01 Бірінші жұбайыңыздың өмірден өтіп кеткенін білеміз. Орта жаста қатының өлмесін деген сөз бар ғой. Сізге осы қаза қаншалықты ауыр соққы болды?
35:56 Ерсін ұлыңыздың балалық шағы ше, қалай өтті?
39:03 Балаға шариғат үйрету, дін талаптарымен өмір сүргізу баланы балалық шағынан айыратындай суреттеледі, айтылады. Шынында солай ма, қалай ойлайсыз?
42:27 Екі заманның, екі ғасырдың куәгерісіз ғой. Совет одағын сағынатын кезіңіз болмай ма?
42:58 Сіздің сыныптастарыңыз бар ма? Араласып тұрасыз ба? Кластастардың пәлен жылдық басқосуы дегендей...
44:36 Адам қартайғанда бір бала дейді ғой қазақ. Балаларыңызға еркелейсіз бе?
46:19 Жасыңыз алпыстан асып, жетпіске дүрбі салып отырсыз. Бұл жаста адамның көңілі нені қалайды екен?
47:57 Соңғы оқыған кітабыңыз қандай?
49:05 Соңғы көрген киноңыз қандай?
49:47 Ең үлкен өкінішіңіз қайсы?
51:22 Жүрегіңізде жара көп пе?
51:35 Өлімнен қорқасыз ба? Неге?
52:01 Сіз неге дайынсыз?
52:20 Неге дайын емессіз?
52:26 Бекайдар ата, жастық шағыңызды қайда жұмсап ескірттіңіз?
53:25 Қабыл болатын бір дұғаңыз болса, қандай дұға жасаған болар едіңіз?
54:24 Өміріңіздің соңғы бір сағаты қалса, оны неге жұмсаған болар едіңіз?
54:56 Сіз дүниеден өткен соң, Алла өміріңізді ұзақ қылсын, адамдар сізді қалай еске алғанын қалар едіңіз?

Ерсін Әміре әкесінен озды ма?
Бекайдар ата
Ерлан Әбдірұлы, @erlanabdiruly
TALIM TV

Егер сізге видеомыз ұнаса міндетті түрде лайк басып, төменде пікіріңізді білдіріңіз!
Сондай-ақ, "Подписаться" басып, каналымызға тіркеліп қойыңыз!

Инстаграм : Қаз:   / asylarna  
Рус:   / talimtv_resmi  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке