«Ауруханаға өз аяғымен барған анамыздың, сүйегін алып қайттық»

Описание к видео «Ауруханаға өз аяғымен барған анамыздың, сүйегін алып қайттық»

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Алматы облысы, Қарасай ауданында ем-дом қабылдауға кетіп, қайтыс болған әйелдің жақындары құқық қорғау органы қызметкерлерінен әділдік талап етіп отыр. Өйткені, жеті ай бұрын емхана төсегінде тіл тартпай кеткен Айгүл Оразалықызының қандай себеппен көз жұмғанын әлі күнге дейін біле алмай отырмыз дейді. Қара жамылған отбасы кінәлілер жазасын алмады, тіпті полиция істі қарамады деп күйінеді. 49 жастағы келіншектің өліміне не себеп? Құзырлы органдар не дейді? Әріптесім Диана Тұрлыбек анықтап көрді.
ДИАНА ТҰРЛЫБЕК, тілші:
– Бұл Айгүл Оразалықызы көз жұмған дәріхана. Мына басында жеке меншік компания ем-дом бөлмесін ашқан. 49 жастағы әйел ауруға шыдамай, антибиотик салдырмақ болған. Дегенмен, өз аяғымен барған анамыздың, сүйегін алып қайттық дейді балалары.
Айгүл Оразалықызы желтоқсанның бірі күні тұмауратып, Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылындағы жеке меншік ем-дом кабинетінің біріне екпе алуға барады. Туыстарының айтуынша, марқұмға салынған дәріден әйелдің ағзасы анафилактикалық шок алған.
АЙМАН ТӘЖІБАЕВА, марқұмның келіні:
– Мына төсекте жатқан еді, сосын менің осы Көксайда укол салатын жерім бар деді. Сол жерге барып, укол системамды аламын деді. Жолдасым апарып тастады. 20 минуттан кейін уже хабар келді. Бардық, барған кезде уже кетіп қалған ғой. Сосын медсестрадан сұрадым, қандай укол салдың деп едім цефобелл салдым деді. Мен одан оған аллергия ғой дедім. Қалай сіз сұрамай салдыңыз десем, көзімді шел басып қалды, кешіріңіз мені дейді.
Марқұмның жақындары өлімнің себебі медбикенің салғырттығынан дейді. Олар бүгінге дейін кінәлілер анықталмады, тіпті, жеті айдан бері әлі де сот-медициналық сараптамасының қорытындысын ала алмай жүргенін айтады.
САЛТАНАТ ҚАРАБАЕВА, марқұмның қызы:
– Ешқандай хабар жоқ. Звондасам тергеушілер телефонға жауап бермейді. Алдына барамын, мені кіргізбейді ол жерге.Содан бері солай. Генеральный нелерге барлық жерге заявление жазып тастадым, ешқандай ештеңе қаралып жатқан жоқ.
Мәселенің мән-жайын білмек болып, аталмыш ем-дом кабинеті басшысына хабарластық. Ондағылар өз тарапымыздан барынша көмек көрсеттік, адам өлімі бұрын соңды болмады дегенді айтады. Ал, облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып, сараптама қорытындысына сәйкес, тергеу тоқтады дейді.
ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, Алматы облысы пд бөлім басшысы:
– Көксай ауылындағы дәріханалардың бірінде адамның қайтыс болу фактісі бойынша аудандық полицияда сараптама тағайындалуымен қылмыстық іс қозғалды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі жедел респираторлық вирустық инфекцияның салдарынан жедел өкпе-жүрек жеткіліксіздігі болды. Прокуратураның келісімі бойынша қылмыстық іс қысқартылды.
Сержан Айгүл Оразалықызының туыстары істі қайта қарауды сұрайды. Кінәлі жазаланып, әділдік орнағанын қалайды. Бүгінде марқұмның артында төрт баласы қалды. Кіші ұлы кәмелеттік жасқа толмаған. Үшінші топтағы мүгедек жолдасы мен қос құлыны қазір үлкен қызының қолында.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке