Алтынай Жорабаева - Қыздарыма

Описание к видео Алтынай Жорабаева - Қыздарыма

Жүктеу/тыңдау: https://band.link/XPWNp

“Қыздарыма”

Әні: Нұршапағат Орынбасарқызы
Сөзі: Нұршапағат Орынбасарқызы

Аналық ғажайыпты сезінгем,
Гүлдерім тілектеріңнен.
“Анашым” деп көтерген биікке ,
Айналдым жүректеріңнен…

Төрт құбылам,
Сендермен тең “Құндыздарым”
Гүл қыздарым,
Жол көрсетер жұлдыздарым…

Бір-бірінен өткен,
Нәп-нәзік әлемі,
Қыздарым әдемі…
Сендер деп шырқайды,
Аналық жүрегім,
Жанымның әуені…

Мұздаса көңілім,
Ерітіп,емдейтін,
Өздерің көктемім.
Ана деген атқа,
Лайықты бола алсам,
Арманым жоқ менің…

Сынбасам тағдыр берген кей сынға,
Сендерсің себепкерлерім,
Тәңірім сыйлаған бұл жалғанда,
Төрт қызым кереметтерім!

Төрт құбылам,
Сендермен тең “Құндыздарым”
Гүл қыздарым,
Жол көрсетер жұлдыздарым…

Комментарии

Информация по комментариям в разработке