СЕНІҢ ӨЛІМІН КҮТЕТІН ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ

Описание к видео СЕНІҢ ӨЛІМІН КҮТЕТІН ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ

Мен барлығыңды алып кеткенге дейін осы үйге келіп тұрамын

Адамға насихат үшін өлім жеткілікті. Өйткені өлім өте ғибратты оқиға. Егер адам өлімнен ешқандай ғибрат ала алмаса, бұл жүректің қаттылығын көрсетеді. Сол себепті өлімді көп еске алған дұрыс.

Халифа  Омар ибн Абдулазиз үнемі ғалымдарды бір жерге жинап, өлім жайында айтқызатын, өлімді естігенде дегбірі қашып үрейленетін.

Ибн Шырынның қасында өлім жайлы әңгіме бола қалса, денесі сіресіп қалатын. Өлімді ойлап, оны жүрекке жақсылап орнықтыру үшін, күнде бірге жүрген туған-туыс, жақын –ағайынның, дос-жарандардың өлген кездерін ойша елестеткен дұрыс.

Хасан Басри былай деген:

«Өлім періштесі әр үйге күнде үш рет көз салады. Сол үйде кімнің рыздығы таусылған болса, соның жанын алады. Періште оның жанын алған кезде жақындары жылай бастайды. Періште үйден шығарда оларға қарап былай дейді:

-Бұл менің  бұл үйге соңғы рет келуім емес. Мен барлығыңды алып кеткенге дейін осы үйге келіп тұрамын.

Үйдегілер періштенің бұл сөзін әттең естімейді, естісе, өлген адамды былай қойып өз бастары үшін жылай бастайтын еді».

Комментарии

Информация по комментариям в разработке