«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Описание к видео «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІНЕ ТӨСБЕЛГІЛЕР ТАБЫСТАЛДЫ
2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай, ерекше форматта қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Шу аудандық әкімдігінің мәжіліс залында жалпы аудан бойынша мектеп бітірушілер арасында жүйрік шыққандарға, "Алтын белгі" иегерлеріне төсбелгілері табысталды. Жылдар бойы алған білімнің сыналар шағында түлектеріміз ұстаздар мен ата-аналар үмітін ақтайды деп сенеміз. Биыл Шу ауданының білім бөліміне қарасты 14 жалпы білім беру мекемелерінен 34 түлек “Алтын белгі” иегері атанып отыр. Соның ішінде 15 “Алтын белгі” иегері Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясынан шыққан. Алтын белгі иегерлерін аудан әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев, аудандық мәслихат хатшысы Жасұлан Әбенов қабылдап, ізгі лебізін арнады. Сондай-ақ 11 жылғы білімін жоғары жетістікпен тәмамдап отырған түлектерге ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке