Ақыртас ақиқаты ашылуда. Қалмақан Шекеев

Описание к видео Ақыртас ақиқаты ашылуда. Қалмақан Шекеев

Ақыртас -- Тараздан 40 шақырым шығысында тау бөктерінде
жатыр.Тұла бойы тұтас жұмбақ аумағы 2,5 гектар жерге орналасқан 70-ке жуық
бөлмелері бар, 15 колонна галереясы, ортада жарты гектар ашық алаңы бар,
сырт қабырғаларының ені 5 метр, 2 метр тереңдікте қазып орнатылған ірге тасы
ірі тас блоктармен қаланған құрылыс нысанының қазіргі сұлық жатқан сұсты
көрінісі тап солай. Ақыртас құрылысын салудан бұрын осы құрылысқа қажет
материалдарды қоңыр төбенің астынан іздеп тапты. Ең ғажабы төбе астындағы
көмулі құрылысқа жетерлік белгісіз материалдар мөлшерін нендей инженерлік
әдістермен анықтап алды десеңізші. Таң қалмай көріңіз. Білім ғылымсыз, бұл
жобаның жүзеге асуы тіптен мүмкін емес еді. Басқа құрылыс материалдардың
лайығы жоқтығынан тастан тұрғызуға мәжбүр болды немесе мұндай адам
төзгісіз ауыр жұмыстарға бармаған болар еді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке