Тапқыр бала 1-нұсқа / Биге ақыл айтқан жас бала /

Описание к видео Тапқыр бала 1-нұсқа / Биге ақыл айтқан жас бала /

Армысыздар құрметті тыңдармандар!



Кезекті видеомыз Сырым батырдың жас кезіндегі ел ісіне араласып, батылдықтың, тапқырлықтың нышанын көрсете білген екен.


Өткен күндердің бірінде Орал өзенінің екі бетінде екі бай сұлтан тұрыпты. Оң жақ бетіндегісінің аты — Бегалы, сол жақ бетіндегісінің аты Топай екен. Бұлар ылғи бір-бірімен айтысып, барымталасып, шабысып, бақ таластырып келіпті. Бір күні Топай отырып:

«Менің асыл тұқымды арғымақ биелерім өзеннің арғы бетіндегі Бегалының жабы, жаман айғырларының кісінеген даусынан шошып, құлын тастапты. Бегалы асыл тұқымды құлындарымның бағасын төлесін, оған көнбесе, шабысуға даяр екенін айтсын», — деп Топай Бегалыға елші жібереді.

Бегалы бұл сөзді есіткеннен кейін, билерін шақырып алып, ішіндегі ең сөз тапқыш деген екі ақсақалын Топайға аттандырыпты.

«Барып билігін айтыңыздар, сөзден жығылсаңдар, өлген құлындарыңның бағасын төлеп қайтасыңдар», — деп тапсырады билеріне.

Екі шал Орал өзенінен өтіп, Топайдың аулына қарай жүріп келе жатып, кешқұрым мал қайтарып жүрген он сегіз-он тоғыз жасар балаға жолығады. Онан «Алдымызда жақын жерде қонатын ел бар ма?» — деп сұрайды. Күн қауысарға таянып қалған кез екен. Бала тұрып екі биге жөн сілтеп былай дейді:

— Алдыңызда, оңаша қашық емес жерде ақшамның үйі бар, онан өткесін әттегенай бар, ал қонам десеңіздер анау тұрған біздің ауыл, барып қоныңыздар, — деп жолдан шеткерілеу тұрған ауылдарды көрсетеді. Екі би тұрып:

— Шырағым, сіздің ауыл бізге қисық тұр екен, сондықтан ақшамның үйіне барып қоналық, — деп жүріп кетіседі. Күн батып, кешкі ақшам мезгілі болады, бірақ ел жоқ. Сонда біріне-бірі қарап ақсақалдар:

«Әттеген-ай, манағы баланың ауылына барып қонбағанымыз қате болған екен деп жалғасады.


"Бабалар сөзі" кітабынан

#әсерліәңгіме #ғибраттыәңгіме #СЫРЫМДАТҰЛЫ #СЫРЫМБАТЫР

Комментарии

Информация по комментариям в разработке