ТАХАУИ АХТАНОВ "КҮЙ АҢЫЗЫ". НАР ИДІРГЕН КҮЙІНІҢ ТАРИХЫ.

Описание к видео ТАХАУИ АХТАНОВ "КҮЙ АҢЫЗЫ". НАР ИДІРГЕН КҮЙІНІҢ ТАРИХЫ.

Тахауи Ахтанов – қазақ халқының маңдайына біткен, асып туған ұлдарының бірі, кешегі қан майданда Отанын ерлікпен қорғап, замандастарын, яғни қазақтың жауынгерлік рухын әлемге паш еткен, сол ерлікті ақ қағазға қара сиямен айғақтаған, әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған тұлға.
Т. Ахтановтың сіздерге ұсынылған «Күй аңызы» шығармасы қаламгердің баспасөз бетінде жарық көрген алғашқы әңгімесі. Туындының негізгі тақырыбы – өнер құдіреті. Әңгімеде өнер құдіретінің ботасы өлген бозінгеннің тарамыс болған терісіне жан беріп, суалған желінін сүтке толтырғаны айтылады. Сондай-ақ шығармада «Нар идірген» күйінің шығу тарихы баяндалады.
Аталмыш туынды арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы, қазақтың қасиетті қара домбырасының үні, күй өнерінің құдіреті танылады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке