Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы қандай (12.07.21)

Описание к видео Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы қандай (12.07.21)

Биыл ел егемендігіне 30 жыл. Тәуелсіздік алған тұста Қазақстан үшін түйінін тарқатар маңызды мәселелер көп болды. Соның бірі, һәм бірегейі – мемлекеттің қауіпсіздігі, республиканың әскери күші еді. Арнайы жарлық пен доктринадан бастау алған елдің әскери әлеуеті туралы біз не білеміз? Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы қандай? Almaty.tv тілшісі тарқатсын.

Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы. Дегенмен оған жету үшін төгілген тер аз болған жоқ. Елдің қорғанысы мен қарулы күшін қалыптастыру да егемендік алар тұстағы түйткілді тақырып еді. Тарихқа көз жүгіртсек. Кеңес үкіметі ыдырағанда Қазақстан әскеріндегі ұлттық кадрдың үлесі екі-ақ пайыз болды. Ал одақтың әр түкпірінде жалпы алғанда 2803 қазақ офицері бар еді. Қазақстандағы қарулы күштерді құру 1991 жылдың 25-қазанында жасақталған Қорғаныс Комитетінен басталды. Дәл осы комитет жер жердегі қазақ офицерлерін шақырумен, әскери-құқықтық құжаттарды дайындаумен айналысты.

«Қиын кезеңдегі ел әскерін құруда басшылық өте мықты болды. Қазақстанның қарулы күштерін құрғанда аса тәжірибелі мамандар үлкен іс атқарды. Иә, кадр жетпесе де, әскердің ертеңіне, болашағына сену басты міндет еді. Елді қорғау – ердің міндеті екенін әр әскери маманның ойына тоқу – сол кездегі менің де басты қызметім болды», – деді генерал-майор Айтқали Есенқұлов.

Одақ тарағанда қазақ жерінде 78-танк дивизиясы, 68 және 155-мото атқыштар дивизиясы мен 80-гвардиялық дивизия және 73 әуе армиясы бар еді. Сондай-ақ, шығыс шекара авиациялық бөлімдері мен 14 әуе қорғаныс күші де республика аумағында шоғырланды. Әлбетте, бұлардың ең үлкені- стратегиялық әскери күштер еді. Сонымен, Тәуелсіз ел тарихында 1992 жылдың 7-мамыры Қазақстан Қарулы күштерін құру туралы жарлықтың шығуымен есте қалды.

1993 жылдың 11-ақпанында Қазақстан Республикасының тұңғыш Әскери доктринасы қабылданды.

Құжатқа сәйкес, ҚР Қорғаныс Күштері үшке бөлінді:

1. Құрлық әскерлері;

2. Әуе-қорғаныс күштері;

3. Әскери теңіз күштері;

«Сол қиын жылдарда әскердің әлеуетін қайта құру үшін білікті кадрлар керек еді. Жағдай өте қиын болды. 2 жылдың ішінде генерал-майор Есенғұловпен бірге 2000-нан астам маманды дайындап шықтық. Әлбетте, экономикасы мен қоғамның өмір сүру деңгейі төмендеп кеткен елде армия құру оңай болған жоқ. Ұйқысыз түн, демалыссыз күн өткердік. Бүгінгі Қазақстанның әскері кез келген қиыншылыққа төтеп бере алатынына мен сенемін», – деді генерал-майор Алмазбек Әбдірахманов.


Қиын уақытта еңсесін тіктей білген отандық армия тәуелсіздік жылдарында да толассыз жетілуді міндет етіп отыр. Қазақстан Қарулы Күштері 2017 жылы әлемдік Global Firepower ұйы¬мының рейтингінде 53-орынға табан тіреді. Жақсы көрсеткіш, дегенмен тоқмейілсуге болмайды. Себебі әскер- елдің жүрегі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізгі тірегі.

Мадина Оқас, Медет Саматұлы, «Алматы» телеарнасы

Наш сайт - http://www.almaty.tv/
Телеканал Алматы в социальных сетях:
1 канал Youtube -    / almatyus  
2 канал Youtube -    / almatytvnews  
Facebook RUS -   / almaty.tv  
Facebook KAZ -   / almaty.tv.kaz  
Twitter -   / almaty_tv  
instagram -   / almaty.tv  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке