ОБЩЕЖИТИЯ КАЗНМУ

Описание к видео ОБЩЕЖИТИЯ КАЗНМУ

ҚазҰМУ студенттеріне арналған жаңа жатақхана шілде айында ашылады, BI Group компаниясы болашақ дәрігерлер үшін МЖӘ қағидаты бойынша тағы бір жатақхана салады

🔰Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде мемлекеттік БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Журналистерге 8 жатақхана орналасқан Университет қалашығы көрсетілді. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық медицина университетінде 15 724 студент білім алуда. Университетте 3168 орын бар 8 студенттік жатақхана бар. Жыл сайын университетке шамамен 2000 студент оқуға түседі. Жатақханаға орналастыру ережесіне сәйкес бірінші курс студенттері мен әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан студенттерге басымдық беріледі. Қазіргі таңда Қазақ ұлттық медицина университетінде 15 724 студент білім алуда. Университетте 3168 орын бар 8 студенттік жатақхана бар. Жыл сайын университетке шамамен 2000 студент оқуға түседі. Жатақханаға орналастыру ережесіне сәйкес бірінші курс студенттері мен әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан студенттерге басымдық беріледі.

🏠Жатақханаға мұқтаж студенттерді 100% жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешу үшін университет 480 орындық жаңа жатақхана құрылысының мемлекеттік инвестициялық жобасын әзірледі. Бұл жаңа жайлы жатақхана студенттік қалашықта танымал BI Group құрылыс компаниясымен серіктестікте салынады.
«Жоба бойынша жаңа жатақхана 8 қабатты ғимарат болады. Бірінші қабатта қонақ бөлмелерінен басқа коворкинг, қосалқы бөлмелер, кір жуатын орындар, оқу залдары мен демалыс орындары болады. Қалған басқа қабаттар студенттерді жатақханамен қамтамасыз етеді. Бұл жатақхана жайлы өмір сүрудің барлық заманауи стандарттарына сәйкес болады», - деп атап өтті проректор Убайдилла Датхаев.

⚜️Жаңа жатақхана жобасы қазір жобаны мақұлдау сатысында. Жаңа студенттер үйінің құрылысын алдын ала аяқтап пайдалануға беру 2025 жылдың төртінші тоқсанына жоспарлануда. Сонымен қатар, биылдың өзінде университет жалға алу шартына отырған жеке инвестор тұрғызған жаңа жатақхана ҚазҰМУ студенттерінің игілігіне беріледі. Жаңа жатақхана Алматының географиялық орталығында Радостовец көшесі, 74 мекенжайында орналасқан. Ол 420 орынға есептелген.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке