Ковидтен емделіп жатқандар арасында оттегі баллонына тәуелділер көбейді

Описание к видео Ковидтен емделіп жатқандар арасында оттегі баллонына тәуелділер көбейді

Әлеуметтік желіде облыс орталығында ковидтен толық емделіп үлгермеген адамдарды да ауруханадан шығарып жатыр деген ақпарат тарады. Желі қолданушысының жазбасын растап, оның астына "жағдай шынымен ушығып тұр", деп пікір қалдырғандар да аз болған жоқ. Ал, дәрігерлер тамыз айында қауіпті індетті жұқтырып, хәлі нашарлаған науқастардың көбейіп кеткенін айтып отыр. Әлеуметтік желіде емдеу орталықтарында орын жеткіліксіз болғандықтан, короновирус індетінен толық сауығып үлгермеген адамдарды да үйлеріне шығарып жіберіп жатыр деген ақпаратттар пайда болды. Желі қолданушылары да автордың сөзін құптап, естіп- көргендерін жазып, шуласып жатты. Облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов жағдайы ауыр , өздігінен тыныс ала алмай, қосымша оттегінің көмегіне жүгінетін науқастар саны артып отырғанын айтады. Қазіргі кезде провизорлық госпитальға айналған фтизиопульмонологиялық орталыққа тәулігіне 120-130 адам түседі екен. Маусым, шілде айына қарағанда тамыз айында науқастар саны күрт өсіп кеткен. Ковид жұқтырған науқастардың жасанды оттегі аппаратына мұқтаждығы бес есеге дейін артқан. Сондықтан, орталықтың бас дәрігері тәулігіне бірнеше рет оттегі баллондарын алмастыратын жағдайлар болады деп отыр. Дәрігерлер де короновирус індетінің таралу деңгейін төмендету үшін әр адам денсаулығын ойлап, вакцина алуы керектігін айтады. Ал , аурухананың жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілетін науқастардың дені індетті садақа мен тойда жұқтырып алғанын айтады екен. Қазір орталықта ем қабылдап жатқан науқастардың жартысына жуығы қант диабеті мен демікпеден зардап шеккен жандар көрінеді. Оларды оңалту да дәрігерлер үшін оңайға соқпасы анық.Орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов өткен жылғы маусым айнан бері бірде бір дәрігер еңбек демалысына шықпай, қызмет атқарып жатқанын айтады.

Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/
Twitter   / rika_kz  
Вконтакте https://vk.com/rikatv

Комментарии

Информация по комментариям в разработке