Тұрсынғали Еділов | БЕРЕН LIVE | 1 шығарылым

Описание к видео Тұрсынғали Еділов | БЕРЕН LIVE | 1 шығарылым

Бүгінгі бағдарламада қонақта: Сидней олимпиадасында бокстан ұлттық құрама бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов!
«БЕРЕН LIVE» - Қазақ спортының бүгінгі жай-күйі, өткені мен болашағы жайлы керемет сұқбаттар жүргізу. Ел спортына еңбегі сіңген жандар мен көк туымызды желбіреткен жеңімпаздармен ашық әңгіме алаңы. Бағдарламаны 30 жылға жуық спорт журналистикасында жүрген комментатор ғалым Сүлеймен жүргізеді.
Ендеше, біздің каналға жазылып, лүпіл басып, төменде өз ойларыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар. Сіздердің әр пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!
Сіздерге ыңғайлы болу үшін:
00:00 – «БЕРЕН LIVE» спорттық бағдарламасы жайлы
00:01:10 – Бүгінгі бағдарлама қонағы – Тұрсынғали Еділов!
00:01:50 – Ермахан Ибраимовтың бапкері болғаны жайлы. Ермахан боксқа қалай келді?
00:05:15 – Ермаханның бокста жүріп өткен жолы. Алғашқы сәтсіздіктер.
00:11:09 – 1996 жылғы олимпиада ойындары. Ермахан қола жүлдені қалай алды?
00:12:48 – Атлантадағы олимпиада да қазақ боксшылары кубалықтардан оңбай жеңілді. Неге? Біздікілер кубалықтардан қорықты ма?
00:17:00 – Кубамен жолдастық кездесу. Ақшаны қайдан таптыңыз?
00:25:35 – Тайландтағы жарысқа бару үшін боксшылар мен бапкерлер рошки сатты.
00:28:41 – Сиднейдегі олимпиада. 7 боксшының 3-еуі 20 -ға да толмағандар. Сақа спортшыларды неге апармадыңыз?
00:31:42 – Бекзат Саттархановтың спортта жүріп өткен жолы. Алтынға кімдер үмітті болды?
00:33:38 – Төрт қазақ боксшысы олимпиада ойындарының финалына шықты. Кім алтын алады деп ойладыңыз?
00:35:38 – Мұхтархан Ділдәбековтың Рубалкавамен шайқасы.
00:38:36 – Нәтиже керемет бола тұра сізді бас бапкерліктен не себепті алып тастады?
00:41:23 – Қай спортшының жұлдызын жаға алмай кеттіңіз?
00:46:48 – Белфасттағы әлем чемпионаты. Астанада өткен әлем кубогі жайлы. Арзан абырой.
00:49:10 – Ұлттық құрамадан кеткеннен кейінгі тағдарыңыз бен мансабыңыз қалай болды?
00:50:03 – Қазақстанда бапкерлердің еңбегі ешқашан еленбеген.
00:51:45 – Спорттық карьерасын аяқтаған боксшылар немен күн көріп жатыр?
00:53:26 – 2003 жылы жұмыссыз қалдым. Сауд Арабиясына бапкер болып кеттім.
00:57:25 – Сіздің еңбегіңізді мемлекет елемеді ме сонда?
01:00:45 – Ермаханның әйелі «квартирамыз жоқ, жағдайымыз жоқ» - деп, жылап келді.
01:02:39 – Ермахан не үшін депутат болды? Өйткені мемлекет оны елемей қалды.
01:04:17 – Токиода неге алтын ала алмадық? Сіз бұны қалай қабылдадыңыз? Кемшілік қай жерден кетті?
01:11:49 – Токиодан кейінгі әлем чемпионаты. Қазақстан қайта апайтөстер қатарына қосыла ала ма?
01:13:57 – Бас бапкер болған кезіңізде ұлттық құрамаға өз танысын тықпалаған адамдар болды ма?
01:16:59 – Өмірдегі ең үлкен өкінішіңіз қандай?

Қазақстандық спорт туралы арнаға жазылыңыз:    / @beren_live  
Жаңа шығарылымдарды жіберіп алмаңыз!

Instagram:   / beren_live  
TikTok:   / beren.live  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке