#1 | Ғұламалар ғұмырынан ғибрат - Ұстаз Бауыржан Әлиұлы | mihrab.kz

Описание к видео #1 | Ғұламалар ғұмырынан ғибрат - Ұстаз Бауыржан Әлиұлы | mihrab.kz

Елімізге белгілі ұстаз, Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Бауыржан Әлиұлы ұстаздың «Ғұламалар ғұмырынан ғибрат» атты дәрісі басталғанын хабарлаймыз!

Дәріс атақты ғұлама Әбул-Фараж әл-Жәузидің (Алла оған рақым етсін) «Сифат әс-сафуа» кітабы бойынша өтеді. Әбул-Фараж әл-Жәузи көптеген ғылымдарда озық болған. Тәпсір, хадис, фиқһ ғылымдарын терең білгенімен қатар, шебер уағызшы болған. Ғалым туралы Сибт ибн әл-Жәузи : «Мен атамның мінберде: «Мен саусағыммен 2000 том жаздым», - деп айтқанын естідім», - деген. Насих әд-Дин Ибн әл-Ханбали бұл ғұлама туралы: «Әл-Жәузи басқалар меңгермеген ғылымдарды меңгерді. Оның уағыз мәжілістері өте көркем түрде өтетін» деп атап өткен. Ғұлама бұл кітабында Пайғамбарымыз бен сахабалардан бастап ислам әлеміне танымал тұлғалардың, ғалымдар мен заһид жандардың тақуалыққа толы өмірін баяндап, олардың рухани сипаты мен тұлғалық қасиеттерін, ерлік істерін баяндайды.

Ислам ақпараттық ағарту порталы
Алматы қаласы
instagram.com/mihrab.kz

Комментарии

Информация по комментариям в разработке