Асфальт өндіретін зауыты бар ауылдың өзі тегіс жолға жарымай отыр

Описание к видео Асфальт өндіретін зауыты бар ауылдың өзі тегіс жолға жарымай отыр

Солтүстік Қазақстан облысының Ленинградское ауылында қиыршық тас шығаратын бес, асфальт өндіретін бір зауыт болса да ондағы халық әлі күнге тақтайдай тегіс жолға жарымай отыр. Былтыр үш мыңға жуық тұрғыны бар ауылдың жолдарын жөндеуге облыс бюджетінен 182 миллион теңге бөлініп, жұмыстар басталған еді. Алайда тендерді ұтқан мердігер ескі асфальтты қырып, оны сатып пайда табумен ғана шектелді дейді тұрғындар. Ал бетонның жоқтығын сылтауратып, жұмыстарды орта жолдан қалдырды деп ашулы. Содан бері шаң жұтып отырмыз деген жұрттың мәселесін әріптесім Айгүл Мырзағалиқызы тыңдап қайтқан еді.
АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, тілші:
– Бұл Петропавлдан 300 шақырым жерде орналасқан Ленинградское ауылы. Көріп тұрғандарыңыздай бұл көлік жүретін жол. Ауылдың ішіндегі сегіз шақырым жолдың тек бір шақырымына асфальт төселген. Ауылдың өзінде қиыршық тас шығаратын, асфальт өндіретін міне мынадай зауыт бар. Алайда тұрғындарға жол салып беретін ешкім жоқ. Өйткені мұнда өндірілетін өнім Қазақстанға емес, Ресейге жіберілетін көрінеді.
Былтыр мамыр айында тендер ұтқан "Гавар Компани" серіктестігі шілденің соңына дейін жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жасауы керек болған. Алайда мердігер тек мектеп пен балабақша орналасқан көшенің жолын жөндеген. Ал, қалған көшелерге тек қиыршық тас төсепті.
МҰРАТ ӘБІЛҚАСЫМОВ, Ленинградское ауылының тұрғыны:
– Қар ерігенде саз, су белуардан келеді. Аяқ алып жүруге болмайды. Мына жеңіл машиналармен жүргенде машиналардың доңғалақтары бәрі кетеді.
ҚАРАКӨЗ АСҚАРОВА, Ленинградское ауылының тұрғыны:
– Осы жолмен бір көлік жүріп өтсе бірден шаң көтеріледі. Біз сол шаңмен тыныстаймыз. Балалар мектептен үсті-басы кір болып келеді. Ақша бөлінді емес пе? Неге жол жасалмайды?
Ал петропавлдық «Гавар компани» басшысы телефон арқылы мән-жайды түсіндірді. Айтуынша былтыр елімізде асфальт жасауға қажет бетон болмаған. Оның үстіне облыстық әкімдік жол жөндеуге бөлген төлемді алдын ала бермеген екен. Сәйкесінше жұмыстарды белгіленген уақытқа дейін бітіре алмаған. Алайда, ауылға асфальтты келер жылға дейін төсеп беремін дегеніме, әкімдік көнбеді деп отыр. Шенеуніктер болса жұмысын адал атқармады деп компанияны сотқа беріп, олардың жасаған жұмысы үшін тек 67 миллион теңге беріпті. Ал ауылдық әкімдік бұл мәселені енді жыл соңына дейін шешеміз деп отыр.
АСАН МАЙМАКОВ, Ленинградское ауылының әкімі:
– Қазір құжаттар барлығы дайындалды. Облыс бюджетінен 100 миллион теңге бөлінді. Конкурстық жұмыстар 1-1,5 ай көлемінде өтеді. Оны күту керек. Жолдарды биыл жөндейміз. Негізі жобалық-құжаттамалық смета 200 миллион теңгеге жасалған.
Ал бір жылдан бері шаң жұтуға мәжбүрміз деген тұрғындардың шыдамы таусылған. Қиыршық тас пен асфальт өндіретін ауылда тұрып, тегіс жолсыз отырудың өзі ақылға қонымсыз дейді олар.











Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке