Дәрет алудың толық үлгісі | Ұстаз Жанболат Сапашов

Описание к видео Дәрет алудың толық үлгісі | Ұстаз Жанболат Сапашов

Дәрет – адам денесін түрлі ластықтан тазалап қоймай, ішкі руханиятты күнә-қателіктерден жуып шаюшы ғибадат. Намаздың қабыл болуының ең басты шарты – дәреттің дұрыстығы. Хадис шарифте "дәрет намаздың кілті, намаз жәннаттың кілті" делінеді. Демек, жәннатқа жетелер қадамның алғашқысы дәретке мұқият болудан басталады. Ал, осы дәретті қалай дұрыс аламыз? Ханафи мәзһабы бойынша дәрет алудың үлгісі қандай? Дәрет алу барысында қандай қателіктер мен кемшіліктер орын алады? Бұл туралы Алматы қаласы, Орбита- мешітінің бас имамы Жанболат Cапашев ұстаз егжей-тегжейлі түсіндіріп, сүннетке сай дәре алу үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, дәрет алу барысында ескеру керек мәселелерге де кеңінен тоқталды. Толығырақ жоғарыдағы бейнежазбадан көре аласыздар.

Ислам ақпараттық ағарту порталы
Алматы қаласы
Бостандық ауданы
🕌"Орбита-3" мешіті
t.me/mihrab_kz
instagram.com/mihrab.kz

Комментарии

Информация по комментариям в разработке