2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді

Описание к видео 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі өзгереді

әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болды. Министр Тамара Дүйсенова мұндай жаңашылдықты экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып енгізіп отырмыз дейді. Бүгін Мәжілісте талқыланған кодексті әріптесім тыңдап қайтқан еді. Министр Тамара Дүйсенованың Мәжіліске алып келген кодексінде тағы қандай жаңашылдықтар бар?
Министр Тамара Дүйсенова мүмкіндігі шектеулі балалары немесе адамдары бар отбасыларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет жүйесін толығымен өзгертпек. Мәселен, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелері тартылады. Яғни, отбасы мүшесін жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде рәсімдеп, еңбекақы төленеді. Және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады дейді министр. Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беріледі. Олар мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін портал арқылы қабылдап, бес күн ішінде қарайды. Осылайша, комиссия мүшесі өнім берушіге немесе қызмет көрсетушіге тиісті хат жолдап, оның орындалуын бақылайды. Және өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні әлеуметтік қызмет порталынын алып тастап, оны міндетін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізе алады деді Тамара Дүйсенова.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Әлеуметтік жұмыспен енді біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен және сертификаты бар мамандар ғана айналыса алады. Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін мамандарды таңдау үшін әлеуметтік қызметкерлердің реестрі жасалады. Онда оның біліктілігі, көрсеткен қызметтерінің түрі және сапасы туралы толық мәлімет болады. Сонымен бірге, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесі және қолдау шаралары қайта қаралады. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі біліктілік деңгейін, көрсетілетін қызметтердің санаты мен ерекшелігін ескеретін болады.
Әлеуметтік кодексте көпбалалы отбасыларға қандай қолдау қарастырылған?
Әлеуметтік кодексте көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдау туралы да айтылады. Мәселен, министрлік отбасының цифрлық картаны дайындау кезінде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік қатерлерге жиі тап болатынын байқапты. Сондықтан да жобада балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы біртұтас жүйесін толық сақтай отырып, оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылған.









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке