Аптап ыстықта сусыз қалған Алматы облысының халқы бас көтерді

Описание к видео Аптап ыстықта сусыз қалған Алматы облысының халқы бас көтерді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Аптап ыстықта сусыз қалған Алматы облысының 100-ден астам тұрғыны бас көтерді. Халық бір сәтте бүтін бір ауылды тіршілік нәрінен үзген жекеменшік компаниялар мен жағдайды бақылауда ұстай алмаған әкімдікке наразылықтарын білдірді. Алайда жауаптылар су тапшылығы жұрттың есепсіз жұмсауынан туындады деп көп затты мойындамады.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші:
– Кірді қолмен жуу бүгінде Алматының дәл іргесінде жатқан ауыл тұрғындарының күнделікті шаруасына айналған. Басқа амал жоқ, өйткені аптап ыстықта тіршілік нәрі тапшы. Тұрғындар тұрмысқа лай суды пайдаланып, әр тамшыны үнемдеп жұмсауға мәжбүр.
Бұл қиындықтар қазір Іргелі мен Кемертоған ауылындағы шешімі табылмаған мәселелерінің біріне айналған. Жергілікті жұрттың айтуынша жаз келсе елдімекенде тіршілік нәрі тоқтайды. Бірақ жауыр болған түйткіл биыл қатты байқалуда. Өйткені бұл жолы судың тоқтағанына 1 айдан астам уақыт өтті дейді.
ЖАНСАЯ МЕНКЕЕВА, Кемертоған ауылының тұрғыны:
– Мынандай жаздың күнінде бізге қатты қиын, әсіресе бала-шағамен үйде отырған адамдарға. Енді қазір менде 70-80 адамның қолы бар, барлығы қол қойған, арыз-шағымымыз бар. Су беріп жатқан "Көкдала" ЖШС-тен біз енді ешқандай қолдау күтіп отырған жоқпыз.
ЖАНБОТА БАУЫРЖАН, Іргелі ауылының тұрғыны:
– Қолдан жасап отырған нәрсе ме деп ойлаймын. Задвижканы қосса қосады, жапса жабады. Су мәселесі қазір өте қиын болып жатыр қазір. Суды ішпегенімізге біраз болды. Біз өзіміз тасимыз, елдер сатып алады. Қашанғы сатып ала береміз?!
Ашуы кемерінен асқан халық бүгін мәселені түбегейлі шешу үшін мердігерлермен және округ әкімдігімен бетпе-бет сөйлесуге жиналды. Белгілі болғандай, ауылдағы ұңғымалар бірнеше монополистің қолында екен. Бірақ халықпен кездесуге олардың көбі келмеді. Ал басқосуда болғандары су тапшылығына тұрғындардың суды есепсіз жұмсауы себеп деп, көптің қыдығына тиді.
ДӘУІРЖАН СЕРЕХАНОВ, компания директоры:
– Су үнемделмейді. Насостың күші жетпейді. Барлық жер ашық тұрады, су ағып жатады. Сол үшін счетчиктер қойылатын болса бағана жиналыста да осы мәселе айтылды. Болды, біз енді счетчик қоямыз. Содан кейін үнемдейді.
Ал округ әкімі суға жауапты мердігерлер өз жауапкершілігін тиісті деңгейде атқарып жатыр деп, монополистерге шаң жуытпады. Сондай-ақ халықтың "1 ай тіршілік нәрі болмады" деген сөзін жоққа шығарды.
АРМАН ҚАМАЛБЕК, Іргелі ауылдық округінің әкімі:
– Негізі су барлық жерде бар. Техникалық ақаулар кейбір линияларда болуы мүмкін. Өйткені кейбірі насос қосады.
Жауапты компания басшысының айтуынша, су тапшылығына ұңғыманың біріндегі ақау себеп болған. Ал тіршілік нәрі 1 айға емес, 12 күнге ғана тоқтады дейді. Енді су бүгіннен қалмай беріле бастайды, мәселе қайталанбайды деп сендірді. Бірақ бұл сөзді естіген халық аса сенім білдірген жоқ.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке