Канада елінде өскен қазақ жігіті 17 жылдан кейін Ақтауғакеліп, туған анасымен қауышты

Описание к видео Канада елінде өскен қазақ жігіті 17 жылдан кейін Ақтауғакеліп, туған анасымен қауышты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Канада елінде өскен қазақ жігіті Ақтауға арнайы келіп, туған анасымен қауышты. 17 жылдан кейін ғана кіндік қаны тамған жерге ат басын бұрған Жандос Райан аға-бауырларымен де танысты. Осылайша, анамды көрсем, мауқымды бассам деген қазақ баласының арманы орындалды. Жат жерде өскен Жандосты 10 айлығында Торонтода тұратын шетелдік отбасы асырып алған. Олар ер жеткен ұлдарының қалауына қарсы шықпай, Қазақстанға алып келген екен. Толығырақ Жандоспен тілдесіп келген әріптесім айтып берсін.
Бұл Ақтауда туып, Торонтода өскен қазақ баласы Жандос Райан. Жас жігіт 17 жылдан кейін кіндік қаны тамған туған жеріне туған анасын іздеп келді. Азаматтың анаммен жолықсам деген жасөспірімнің арманы орындалды. Шешесімен ұзақ уақыттан кейін қауышып, мауқын басқан Жандостың қуанышында шек жоқ.
ЖАНДОС РАЙАН, Канада қазағы:
– Анам мені тастап кетсе де оған еш өкпем жоқ екенін айтқым келеді. Оны жазғырмаймын да. Тағдырдың жазуы солай шығар. Ал Ата жұртым мені ерекше ыстық ықыласымен қарсы алды. Жайлауда болып, домбыра аспабымен таныстым. Халқым қонақжай екен.
Канадалық ата-анасын Қазақстанға ерте келген жігіт бауырларымен де танысты. Сосын сәбилер үйіне барып, өзін баққан тәрбиешілермен кездесті. Тағдырлас балалармен ұзақ уақыт ойнап, көз жасына да ерік берді. Жандос Райанды шетелдіктер 10 айында асырап алған екен. Бауырымызға тәрбиесін беріп, ер жеткізген канадалық отбасы баланың қалауына қарсы шықпай, Маңғыстау жеріне келгендерін айтады.
ШАНАС МҰХАМЕД, Жандосты асырап алған анасы:
– Ол туған анасын көргісі келе ме жоқ па өзі шешеді деп келдік. Ұлымыздың Торонтода қазақ достары көп. Олармен жиі кездесіп, араласып тұрады. Сонда достарының бірі анасын табуға кеңес берген. Біз оның ниетін қолдап, Ақтауға алып келдік.
Жат жерде тұратын қазақ баласы туған жеріне қонақ ретінде жиі келіп тұратынын жеткізді. Қазақтың қонақжайлығына риза болған жігіт ертең Торонто қаласына қайта оралады.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке