«Қарлығаш ұя салғанда» 1 бөлім \ «Карлыгаш уя салганда» 1 серия

Описание к видео «Қарлығаш ұя салғанда» 1 бөлім \ «Карлыгаш уя салганда» 1 серия

«Қарлығаш ұя салғанда» 1 бөлім \ «Карлыгаш уя салганда» 1 серия
Қарлығаш 32 жаста. Мансап қуып, осы жолда жетістікке жеткендердің бірі. Үлкен қалада тұрады. Салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанады, қымбат киімдер киеді. «Дұрыс тамақтану» сауда-саттық бөлімінің тізгінін ұстаған ол жеке өміріне мүлдем көңіл бөлмейді. Жігіттің кез келгенін көзқарасымен немесе бір ғана әрекетімен бетін қайтарып тастайды. Қалипа апай – Қарлығаштың хатшысы. Бастығына небір азаматтармен танысуды ұсынады. Суреттерін әкеліп беріп, танысу сайттарының сілтемесін жіберіп тұрады. Бірақ Қарлығаш жай нәрседен мін іздеп отырады: шұлығының түсі ұнамайды, талғамсыз таңдалған туфли, шылым шегу, жағымсыз күлкі және т.б. Қарлығаштың өміріне көрік беретін тек құрбылары ғана. Ақмарал – 3 баланың анасы, үлгілі әйел, аяулы жар. Диана – жалғызбасты, бай жігітті кезіктіруді армандап жүрген әдемі әйел. Құрбылар әңгіме айтып, демалу үшін әр жұма сайын жиналып тұрады. Бірақ Қарлығаштың оларға жұмыстан басқа айтар әңгімесі де жоқ. Бір күні Қарлығашқа ауруханадан телефон шалып, әкесінің ауыр халде жатқанын хабарлайды. Денсаулығы нашарлаған әкесі қызына тез тұрмысқа шығып, немере сүйдіруін қалайтынын айтады. Бірақ Қарлығаш оған отбасы құрудан гөрі, жұмысты бірінші орынға қоятынын ескертті. Дегенмен «бірдеңе ойлап табамын» деп әкесіне уәде береді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке