АМАЛДАР НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ! Ескер: қандайда бір кішкентай ізгі амал ниетке қарай өседі, не өшеді.

Описание к видео АМАЛДАР НИЕТКЕ БАЙЛАНЫСТЫ! Ескер: қандайда бір кішкентай ізгі амал ниетке қарай өседі, не өшеді.

Біз көбіне «жүрегім-таза, ниетім- ақ» деп өзімізді ақтап алғымыз келеді. Қараңызшы, кіммен сөйлессеңіз де, бәлкім ол баукеспе, қылмыскер болса да жүрегім таза деп есептеуі мүмкін. Сондықтан ниетімізге қатысты маңызды нәрселерді біліп алайықшы. Адамның құлшылықтағы ниеті және өмірдегі жалпы ниеті болады. Ниеттің маңыздылығы сонша, ол дінімізде, құлшылығымызда ерекше орын алады!

Ниетке қатысты әйгілі тұлғалардың айтқаны аз емес, әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби бабамыз: «Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам адамға лайық іс» деген. Ал Марк Аврелий «Әр адамның бағасы оның ой-ниетiнiң құндылығымен анықталады»,-депті.
Халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов. «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, сосын - тәртіп керек»,-деген.
Ал Артур Шопенгауэр «Адамның адамға жамандығында басқа себеп жоқ, бәрі де қара ниет, жаман ойдан туады және барлық тіршілік арасында тек адам ғана себепсіз жамандық жасайтын, ерекше болмыс»,- деген.
Джон Рескин: «Бақталастықтан жасалған ештеңе ешқашан әдемі болмайды. Сол сияқты түпкі ниет мақтанып, тәкаппарлану болса да, таңғажайып дүние шықпайды»,-деген. Бұл да сабақ алатын сөз. Яғни қандайда бір ғажап нәрсе жасауды қаласаң, әуелі ниетіңді түзе.

Қараңғызшы, даналардың қай сөзін алсақ та шариғатпен үндес.
Ал Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Шын мәнінде, Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды»,- дейді (Муслим).
Бұл хадистегі жүрек деген сөздің астарында «ниет» жатқаны меңзеледі. Дегенмен адамның ниеті дұрыс, бірақ қандай да бір теріс нәрсеге ұшыраса немесе ниеті теріс, бірақ сырт көзге ісі өнегедей көрінетін жағдайлар болады. Сіз бұған келісесіз бе?

Сіз үшін адамның ниеті қаншалықты маңызды?

Комментарии

Информация по комментариям в разработке